Конференцияны ұйымдастырушылар Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Венг Тат Хуэй және ЖМСМ профессоры Колин Нокс конференцияға халықаралық ғылыми мамандардың, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен ғылыми қызметкерлердің тартылғанын атап көрсетті. Конференцияны өткізу Назарбаев Университетінде жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерді көрсетуге мүмкіндік береді.
ЖМСМ Мемлекеттік саясат мәселелері бойынша 3-ші халықаралық конференцияға қатысты, ол Сингапурде мемлекеттік саясат мектебінде өтті. Конференцияға әлемнің 80 елінен 1300-ден астам өкіл қатысты, осылайша конференция әлемдегі мемлекеттік саясат саласындағы ірі халықаралық іс-шараға айналды.
ЖМСМ конференциясының ғылыми тақырыптары: мемлекеттік басқару, экономиканы әртараптандыру, табиғи ресурстардың саяси экономикасы, посткеңестік мемлекеттердің реформалары, Орталық Азияда мемлекеттік саясат саласында білім беру, Орталық Азиядағы қауіпсіздік Азаматтық қоғам және қоғамдық сала.
2017 жылы 8-9 маусымда Мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинарда ЖМСМ профессоры Фуа Кай Хон және Назарбаев Университеті Медицина мектебінің профессоры Байрон Крейп таныстырылымдар өткізді (Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасы).
Профессор Кишор Махбубани мен профессор Венг Тат Хуэй, ЖМСМ деканы Қазақстан Респуликасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен, Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахмановпен, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевпен және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен кездесті. Олар жаһандық басқару, геосаясат және мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту сияқты өзекті мәселелерді талқылады.