БАҒДАРЛАУ АПТАЛЫҒЫ 2023

Құрметті студенттер!

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне (NU GSPP) қабылдануларыңызбен құттықтаймыз!

NU GSPP оқытушы профессорлары мен қызметкерлері NU GSPP ұжымына сіздерді қарсы алуға өте қуанышты!

Бағдарлау шаралары сіздерге НУ және NU GSPP туралы тиісті ақпарат беруге, университет пен мектептің миссиясы мен құндылықтарымен өзара әрекеттесуге, бағдарламалардың талаптары мен модульдерін зерделеуге және жаңа студенттерге бір-бірімен танысуға мүмкіндік беру үшін жасалды.

Берілген веб-парақшада сіздер бағдарлау шарасымен қатар, пайдалы контактілерді, оқу бағдарламасын, НУ және NU GSPP саясатын, және т.б. қажетті ақпаратты тез таба аласыздар.

Жаңа студент болғандықтан, НУ электрондық поштаңызды уақыт сайын тексеріп отыруларыңызды сұраймыз. 

Сіздермен кездесуді асыға күтеміз!

 

БАҒДАРЛАУ ПРОГРАММАСЫ 2023!

МPP бағдарламасы

МРА бағдарламасы

PhD бағдарламасы

 

ҚАТЫСУ ЖӘНЕ САБАҚТАН ҚАЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бағдарлау апталығындағы қатысу

Құрметті студенттер, Тимбилдинг жиналысы және басқа да ЖМСМ өткізетін танысу шараларына қатысу міндетті болып табылатынын есте сақтаңыздар!

Кейбір себептермен қатыса алмайтын жағдайда, бағдарлама менеджеріне алдын ала жеткізуіңізді сұраймыз. Міндетті түрдегі жиналысты өткізіп алған студент, Күз семестрі 2023 курсының 1 дәрісіне қатыспағандай саналады.

 

СТУДЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ

 

ОҚУ ЖОСПАРЫ

MРР оқу жоспары

MРА оқу жоспары

PhD оқу жоспары

 

ПАЙДАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Регистратор офисі, Қазынашылар офисі, Студенттер ісі жөніндегі бөлім, Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы, Денсаулықты сақтау бойынша департаменті, Халықаралық студенттермен жұмыс жөніндегі кеңсе, Психологиялық кеңес беру орталығы, және т.б. НУ департаменттерінің бірімен байланысқыларыңыз келген жағдайда, негізгі веб-парақшаға өтулеріңіз қажет.