МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ МАГИСТРІ
«Мемлекеттік саясат магистрі» (MPP) – бұл 2013 жылы ашылған екі жылдық күндізгі оқу бағдарламасы.
MPP бағдарламасының миссиясы ұлттық және халықаралық деңгейлерде тиімді, пәрменді және сенімді мемлекеттік қызметті қамтамасыз ету үшін саясат саласындағы прогрессивті мамандардың жаңа буынын дайындау болып табылады.
Оқыту нәтижелері
Бағдарламаны сәтті аяқтаған жағдайда магистранттар:
1) саяси мәнмәтіндерді түсіне алады;
2) талдамалық және зерттеу дағдыларын қолдана алады;
3) кәсіби шебер болады;
4) саясат саласындағы арнайы білім мен тәжірибені пайдаланады;
5) тиімді өзара қарым-қатынас жасайды;
6) теорияны пайдалану және білімге негізделген шешімдерді анықтай алады.
Бағдарламаның құрылымы негізгі мынадай компоненттерді қамтиды:
- Таныстыру аптасы. Бұл MPP бағдарламасының бірінші аптасы. Мақсаты – студенттерді бағдарламаға дайындау және олардың топтастар ретінде бір-бірінің арасында қарым-қатынас орнату. Таныстыру аптасына келмес бұрын студенттер барлық қажетті құжаттарды тапсырып, алдын-ала тапсырылған жұмысты орындауы керек.
- Негізгі (міндетті) курстар – барлық студенттер бағдарлама аясында өтуі тиіс курстар.
- Факультативті (элективті) курстар – MPР бағдарламасының барлық студенттері балама курстар арасынан таңдау жасайтын курстар. Факультативті курстар өзгеруі мүмкін, себебі олар студенттердің мүддесі/қалауына, оқытушы-профессорлар құрамының болуына және бағдарламаны жүзеге асыру жоспарына негізделген.
- Сингапурлық компоненті бар мемлекеттік саясатты талдау бойынша жаттығу (PAE)
PAE – 16 ECTS кредитіне бағаланатын курстық жоба. Ол әдетте тапсырыс беруші немесе мақсатты ұйым үшін орындалатын мемлекеттік саясатты зерттеу болып табылады. PAE студенттерден мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін анықтауды және талдауды талап етеді, студенттерге алдағы кезеңдерде алдарынан шығатын кәсіптік талаптарды қанағаттандыруда сенімділік пен құзыреттілікті дамытады. PAE-ні орындаған кезде студенттер мәселені анықтауға және құрылымдауға, мәліметтерді жүйелеуге, мәселені анықтауға және талдау жүргізуге, нақты және сенімді жазбаша есеп беру шеңберіндегі іс-әрекеттер бойынша нақты ұсыныстармен аяқтауға дайын болуы тиіс.
Шетелдік (сингапурлық) компонент, әдетте, бірінші оқу жылының соңында (жазғы семестр) өтеді, студенттер дәрістер мен оқу сапарларға шығу арқылы ұзақ мерзімді қала жоспары және оны экономикалық дамыту туралы сингапурлық тәсілдермен танысады, олар алған сабақтары туралы және оларды Қазақстан жағдайында пайдалануға немесе бейімдеуге болатындығы туралы түйіндейді. Бұл, әсіресе, өзінің РАЕ жобасымен жұмыс істейтін студенттер үшін пайдалы болуы мүмкін.
Егер сіздің соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды алғыңыз келсе немесе сұрақтарыңыз болса, төмендегі нысанды толтырыңыз. Біз сізбен хабарласамыз.