Тапсырыскерге бейімделген бағдарламалар

Тапсырыскердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тапсырыскерге бейімделген бағдарламалар тапсырыскермен келісіліп әзірленеді. Олар сұрату бойынша ұсынылады.

Біздің бағдарламалар мынадай тақырыптарды қамтиды:

cap_ico1
Мемлекеттік басқаруды реформалау
cap_ico2
Мемлекеттік секторды басқару
cap_ico3
Экономиканы әртараптандыру
cap_ico4
Энергетикалық саясат және оның даму үшін болатын салдары
cap_ico5
Каспий аумағындағы дамудың саяси экономиясы

Тыңдаушыларға әр модуль аяқталысымен сертификат беріледі. Бір немесе бірнеше кластердегі айрықша жетістіктерін тану үшін сертификаттар берілуі мүмкін.

Тапсырыскерлер

Оңтайлы және тиімді саяси шешімдерге деген сұраныс өскен кезеңде ұйымдардың өз көшбасшыларының кәсіби білімі мен қабілеттеріне инвестициялағаны ерекше маңызды. Біздің бағдарламалар ұйымдар мен жекелеген тұлғалаларға әлеуетін арттыруға жол береді. ЖМСМ мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік сектор менеджерлері, халықаралық ұйымдардың және коммерциялық емес сектор қызметкерлері сияқты кең ауқымды топтың қажеттіліктерін шешуге бағытталған.

Біздің бағдарламалар келесі ұйымдарға жәрдемдесу үшін әзірленген:

  • Министрліктер мен агенттіктер
  • Жергілікті атқарушы органдар
  • Ұлттық холдингтер мен компаниялар
  • Халықаралық ұйымдар
  • Үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар
  • Жеке сектор