Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) миссиясы адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқып үйрету болып табылады. Осы мақсатқа жету үш біз саясат пен көшбасшылықтың негізгі мәселелеріне баса назар аудара отырып, оқытудың, зерттеулер жүргізу мен басшы кадрлардың біліктілігін арттырудың жоғары деңгейін ұсынамыз.

2012 жылы NU GSPP ашылған сәттен бастап Сингапур Ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап келеді. Біз бірлесіп NU GSPP-нің Орталық Азиядағы таңдаулы мемлекеттік саясат мектебі ретінде орнығуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. NU GSPP білім беруде Орталық Азиядағы инновациялық және озық магистратура бағдарламаларын ұсыну үшін ғылыми зерттеулерді қамтиды.

NU GSPP бағдарламалары мемлекеттік саясат саласындағы магистратураны, мемлекеттік басқару саласының магистратурасын, мемлекеттік саясат саласындағы докторантураны қамтиды. Мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жеке бизнестің мамандары қатарынан шыққан біздің студенттердің магистратура бағдарламалары бойынша 2-3 апта және докторантура бағдарламалары бойынша 3 айға дейін Сингапурда білім алу мүмкіндігі бар.

NU GSPP мемлекеттік қызметті реформалау, мемлекеттік қызметті жаңғырту, табиғи ресурстарды басқару, тұрақты даму шешімдері, мемлекеттік саясатты талдау саласындағы зерттеулерге, Қазақстанда және одан тыс жерлерде мемлекеттік саясат/басқарудың кең ауқымды мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарды ақпараттық ілгерілетуге және консультациялар беруге белсенді қатысады.

Адамдардың өмірін жақсартуда тиімді басқару ықпал тигізеді деп санайтын Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне қош келдіңіздер!

NU GSPP-да сіз мемлекеттік саясат саласындағы кәсіби білім беру арқылы қызықты оқу саяхатын бастайсыз. Оны академиялық мемлекеттік саясатты талдаудағы дәлдік пен тиісті дағдылауды біріктіретін саласының айрықша пәнаралық бағдарлама ерекшелендіреді. Сіз әлемдегі бүкіл саясаткерлер мен әкімшілердің алдында тұрған ортақ және бірегей мәселелерді өткір түсінетін боласыз.

Сіздің алатын пәнаралық білім терең мемлекеттік саясат және елдегі жақсы басқаруына ықпал ететін негізгі факторларды түсінуіңізге берік негізді қамтамасыз етеді.

Сіз тереңірек күрделі, ағымдағы саяси мәселелерді түсініп, жергілікті, ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі саяси мәселелерді шығармашылық және тиімді шешу дағдыларын меңгересіз. Сіз мемлекеттік саясаттағы пәнаралық білім, біз өмір сүріп жатқан динамикалық ортаны сипаттайтын жоғары белгісіздік және тез өзгерістерге Сізді жақсы дайындайтын үздік инвестиция екеніне сенімді бола аласыз. Оқу аяқталғаннан кейін, Сіздің қай жұмыс пен мансап жолын таңдауыңызға қарамастан, адамдардың өмірін жақсартуға елеулі үлес қосатыңызға біз сенімдіміз.

Мектепте толыққанды тәжірибе және мектепте өткізген кезде үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін мен Сізді курстастар мен оқытушылармен белсенді араласуыңызға шақырамын.

Біз Сіздің өміріңіздегі маңызды саяхатты бастап, Сіздің жетістіктеріңізді көруге асыға күтеміз.

Ізгі тілекпен, Доктор Венг Тат Хуэй

МИССИЯ

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) миссиясы өзекті саяси және басқару қиындықтарына назар аударатын дәріс берудегі үздік тәжірибе, зерттеулерді жүргізу және кәсіби білім арқылы басқаруды жақсарту үшін көшбасшыларды оқыту жолымен Қазақстан және Орталық Азия халқының өмір сүру сапасын жоғарылату.

МАҚСАТ

NU GSPP Қазақстанның мемлекеттік секторын жаңғыртуға көмектесіп, елдің мемлекеттік секторын өзгертетін болады. Қазақстанның ұмтылыстарымен қатар, NU GSPP республиканың да, оның көршілерінің де саяси көшбасшылары мен басқарушыларын тәрбиелейді. NU GSPP мемлекеттік саясаттың келесі тұстарымен белгілі озық мектеп болуға ұмтылады:

  • әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттары
  • халықаралық дәрежесі бар тиімді зерттеулер
  • Қазақстанға адалдық

NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің әралуандылық ұстанымы

NU GSPP инклюзия және әралуандылыққа ұмтылады. Бұл қағида Назарбаев Университетінің 2018-2030 жылдарға арналған стратегиясында атап өтілген. Онда «Мәдени алуантүрлілік – білімнің, ғылымның және қоғамның барлық аспектілерін кіріктіру»; «Білім алуға тең қолжетімділік – нәсілдік, діни, гендерлік, әлеуметтік- экономикалық мәртебесі немесе физикалық мүмкіндіктеріне тәуелсіз барлығы үшін тең шарттар» және «Жетістіктер негізінде таңдау – барлық дарынды студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін ашық» университеттің басты құндылықтары ретінде аталып өткен.

NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебі оқытушыларды іріктеу кезінде осы қағиданы басшылыққа алады. NU GSPP түрлі топтардың өкілдері интеллектуалды тереңдікті нығайтады және көптеген перспективаларды ұсынады деп санайды.Қазіргі кезеңде Мектепте әйел мұғалімдері аз, соған байланысты оқытушылық қызметке әйел кандидаттарына ерекше көңіл бөлінуде.

Студенттерді қабылдау кезінде Мектеп мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес секторлардың үміткерлеріне назар аудара отырып, оларды Қазақстанның барлық өңірлерінен тартуға тырысады. Мектеп сонымен қатар әлемнің әртүрлі аймақтарынан, соның ішінде Орталық Азия, Кавказ, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Латын Америкадан келген үміткерлер үшін ашық. NU GSPP бағдарламаларына қызығушылық танытқандардың көбісі Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларының түлектері. Дегенмен, Мектеп әртүрлі білім беру институттар мен мекемелерін бітірген және әртүрлі жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер үшін де бірдей ашық.

Хуэй Венг Тат, Декан

Доктор Хуэй Венг Тат Сингапурдағы еңбек нарығындағы саясат пен білім беру, қартаю және зейнеткерлікке шығу, және еңбек нарығындағы жаһандану әсері жөніндегі мәселелерде маманданған. Ол 2015 жылы Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне келгенге дейін Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде және Сингапур ұлттық университетінің экономика кафедрасында сабақ берген. Ол сондай-ақ еңбек ресурстары министрлігінің кеңесшісі ретінде жұмыс атқарды, UNCTAD, Халықаралық еңбек ұйымында қызмет етті, 1991-1994 жж. Сингапур еңбек зерттеулер институтының доценті ретінде қызмет істеді. Ол түрлі қызметтерге тағайындалды, олардың ішінде Мемлекеттік саясат бағдарламасының директоры орынбасары (1997-1998 жж.), Экономика департаментінің Басшысының міндетін атқарушы (1998 – 2000жж.), Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің Деканы Орынбасары (ғылыми-зерттеу және жоғары зерттеулер) (2000-2003 жж.), Сингапур ұлттық университетіндегі Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде Декан орынбасары (Академиялық мәселелер жөніндегі департамент) (2004-2008 жж.).

 

Риккардо Пелиццо, Профессор, Оқу ісі жөніндегі вице-декан

Профессор Риккардо Пелиццо Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры болып табылады. Назарбаев Университетіне келместен бұрын Доктор Пелиццо Дүниежүзілік Банк Институтында аға консультант және ғылыми жетекші қызметтерін атқарған.

Профессор Пелиццоның зерттеулері саяси даму, институционалды реформалар және ұйымның тиімділігі мәселелеріне бағытталған.

Атқарушы билікті бақылау және оларды жауапкершілікке тартуға арналған парламенттердің тиімділігін бағалау өлшемдері мен критерийлерін әзірлеуге қоса, ол саяси еріктің заңнамалық органдардың өз бақылау функциясын тиімді орындауы, үкіметті жауапқа шақыру және оның тиімді басқаруына жағдау жасау рөліне ерекше көңіл аударды. Осы себептен ол халықаралық ұйымдарға мүмкіндікер шеңберінен шығып, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін саяси ерік сияқты шарттарға қарауыны ұсыныс жасады.

2005 жылдан 2010 жылға дейін Профессор Пелиццо «Asia of Politics and Policy»-дің ассоциативті редакторы болып жұмыс істеді. Ол бірнеше стипендиялардың, конкурстық гранттармен сыйлықақылардың лауреаты. Сонымен қатар, 3 томды редакциялаумен қоса, Профессор Пелиццо 7 монографияның және 50-тан астам рецензиялы мақалалардың авторы. Оның зерттеулері 11 тілге (араб, индонезиялық, қытай, ағылшын, француз, неміс, итальян, орыс, испан, қазақ және вьетнам) аударылған.

Зерттеулер жүргізумен қатар, ол жиырма үш мемлекетте академиялық және академиялық емес аудиторияларды тарта отырып, конституция дайындаушыларына, институционалды реформалар жүргізіп, заң органдарына сараптамалық баға берді.

 

Назарбаев Университетінің (НУ) Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен ұзақ мерзімді әріптестігі бар.

2016/2017 жылы QS World рейтингі бойынша СҰУ 12-орынды иеленіп, Азияда 1-ші орынды алады.

ЛКЮ мектебі Азиядағы ең қарқынды мемлекеттік саясат мектептердің бірі, студенттер мемлекеттік саясат мәселелерін зерттеу, әлемдік деңгейдегі оқытушылардан дәріс алу, сондай-ақ Азияның болашақ көшбасшыларымен байланыс орнату мүмкіндігін алатын бірегей жаһандық оқу ортасын ұсынады. ЛКЮ мектебі ресми түрде 2004 жылы іске қосылғанына қарамастан, оның Гарвард университетінің Джон Кеннеди Мемлекеттік басқару мектебімен серіктестігі 1992 жылы басталды, оның ізашары Мемлекеттік саясат бағдарламасы қалдырған бай мұраны иеленді.

ЛКЮ мектебі NU GSPP бағдарламаларын әзірлеуге және дамытуға көмек көрсетеді. Оның оқытушылары жыл сайын NU GSPP-да курстар мен лекциялар жүргізеді және біздің дәрістердің бір бөлігі ретінде студенттер Сингапурға оқуға барады.

Ұзақ мерзімді келісімге және әріптестікті орнату қол қою туралы толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады. 2015 жылдың маусымында Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің деканы профессор Кишор Махбубани бастаған ЛКЮ мектебі делегациясы бірапталық сапарға Астанаға келді. Осы сапар барысында одан әрі ынтымақтастық үшін стратегиялық бағыттары мен кезеңдері талқыланды.

Екі мектеп өкілдері, соның ішінде декандар, Сыртқы істер министрлігі басшылығымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттікпен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен кездесті. Кездесуде талант басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау, Қазақстандағы адам капиталын жоғары дамытуға ықпал ететін мемлекеттік қызмет реформалары саласындағы NU GSPP және Ли Куан Ю атындағы мектебінің бірлескен күш-жігері талқыланды.

Президент Кеңсесінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің және Қазақстан Республикасының министрліктері өкілдері қатысуымен жемқорлыққа қарсы жаңғырту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Толығырақ: Астанаға сапарынан кейін профессор Кишор Махбубанидің мақаласы.

The Singapore Component with Nazarbayev University at the Lee Kuan Yew School of Public Policy (бейне видео)

Мансап

Біз миссиямыз бен мақсатымызды бөлісетін, сондай-ақ өзгерістер енгізіп, өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін үміткерлерді іздеудеміз. Егер Сіз мәдени ортаны, білім беру және кең ауқымды мансап мүмкіндіктерін іздесеңіз және академиялық әлемнің бір бөлігі болғыңыз келсе, ЖМСМ-ге жұмысқа тұру мүмкіндігін қарастырыңыз.

Оқытушылар құрамы үшін артықшылықтар:

  • Халықаралық нарықта бәсекелесуге қабілетті жалақы;
  • Жылына 56 күнге дейін демалыс;
  • Тағайындалған адам және оның отбасы мүшелері үшін үйге жылына екі рет ұшу;
  • Халықаралық медициналық сақтандыру;
  • Тағайындалған адам және оның отбасы мүшелері үшін орналастыру;
  • Тағайындалған адамның және оның отбасы мүшелерінің көшіру шығындарымен көмек көрсету, оның ішінде әуебилеттері;
  • ЛКЮ МСМ стратегиялық әріптестің аға әріптестерінің оқу және зерттеудегі тәлімгерлігі;
  • Профессорлардың алмасу бағдарламасы;
  • Алдын-ала зерттеу жұмыстары үшін қаржыландыру.

Әкімшілік қызметкерлер үшін артықшылықтар:

  • Бәсекелесуге қабілетті жалақы;
  • Жылына 30 күнге дейін демалыс;
  • Премиум медициналық сақтандыру;
  • Орналастыру мүмкіндігі *;
  • ЛКЮ МСМ стратегиялық әріптестің аға әріптестерінің тәлімгерлігі;
  • Оқыту және дамыту.

* Университетінің әкімшілік қызметкерлері үшін орналастыру іріктеу талаптары негізінде жүргізіледі.

Бос жұмыс орындары

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде ашық деңгейдегі профессорлік-оқытушы құрамының лауазымдары

Назарбаев Университеті (NU), Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан, әлемнің жетекші университеттерімен серіктестікте құрылған ағылшын тілінде сөйлейтін зерттеу университеті. Халықаралық серіктестіктердің қатарына Кембридж университеті, Пенсильвания университеті, Дьюк университеті, Сингапур ұлттық университеті, Висконсин-Мэдисон университеті және Питтсбург университеті кіреді. Университетте қабылдаудың қатаң стандарттары бар және тек аймақтың ең жақсы студенттерін қабылдайды. НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебі 2013 жылы алғашқы студенттерін қабылдады және мемлекеттік саясат магистрі, мемлекеттік басқару магистрі және мемлекеттік саясат бағдарламалары бойынша PhD докторларын ұсынады. Мектептің серіктесі – Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі. Біздің магистрлік бағдарламалар Еуропалық мемлекеттік басқару аккредиттеу қауымдастығымен (EAPAA) толықтай аккредиттелген.

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) үміткерлерді біздің халықаралық факультетке қосылуға және Орталық Азия аймағында жетекші мемлекеттік саясат мектебін құруға қатысуға шақырады. Үміткерлер оқу бағдарламаларын құруға, инновациялық педагогика мен ғылымға үлес қосу үшін мемлекеттік саясатта қажетті оқыту және зерттеу тәжірибесіне ие болуы керек. Мемлекеттік сектор ұйымдарымен жұмыс тәжірибесі, халықаралық ұйымдармен консультациялар, тиісті білім беру мекемелерін дамытудағы көшбасшылық және Азиядағы педагогикалық тәжірибе бірін-бірі толықтыратын күшті біліктілік ретінде қарастырылады.

www.gspp.nu.edu.kz

ОҚЫТУШЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ 

Қазіргі уақытта оқытушы лауазымына бос жұмыс орны жоқ.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде постдокторант лауазымы

Назарбаев Университеті 2010 жылы халықаралық жоғары білім беру саласындағы ең танымал ұйымдармен серіктестікте жетекші ұлттық және аймақтық университет ретінде құрылған. НУ-ға қабылдау өте бәсекеге қабілетті; студенттер құрамы елдегі және аймақтағы ең жақсы мектептерден таңдалады. НУ кампусы Қазақстанның елордасы Астанада, қаланың жаңа әрі заманауи Сол жағалаудың қақ ортасында орналасқан. Жаңадан қабылданған оқытушылар тағам мен ойын-сауықтағы дәстүрлі мәдени әсерлермен араласқан космополиттік өмір тәжірибесінен ләззат алады. Әлеуметтік өмір тамаша клубтар мен мейрамханалар, театр, музыка, опера, би, мұражайлар, заманауи және дәстүрлі сауда, кәсіби және әуесқой спорт, ашық демалыс және т.б. бар бай және жанды атмосфераны ұсынады.

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) Постдокторант лауазымына кандидаттарды Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттік саясат мектебі болу жөніндегі көзқарасымызбен бөлісу үшін халықаралық мектебімізге қосылуға шақырады. Постдокторантқа бастапқы тағайындау 2 жылдық ұзартылатын келісім-шарт ұсынылады және жыл сайынғы нәтижелерді тексеру шартымен ең көбі 2 жылға ұзарту мүмкіндігі бар. Біз тартымды, халықаралық бәсекеге қабілетті сыйақы пакетін ұсынамыз.

NU GSPP өз оқытушы-профессорлік құрамына әртүрлілікті жұмысқа қабылдауға және нығайтуға ұмтылады. NU GSPP аз қамтылған әлеуметтік топтардың кәсіпқойларын біріктіру интеллектуалды тереңдікті нығайтады және көптеген көзқарастарды ұсынады деп санайды.

Білітілігі:

  • Мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару, экономика, саясаттану немесе мемлекеттік саясатқа бағытталған сәйкес пәндер бойынша PhD;
  • Үміткерлер инновациялық педагогикаға және халықаралық стипендияға үлес қосу үшін қажетті оқыту, зерттеу және мемлекеттік саясат тәжірибесіне ие болуы керек.

Міндеттері:

  • Мамандық бағыты бойынша немесе деканмен келісе отырып анықталған пән бойынша жылына екі курсты оқыту
  • Аға оқытушының жетекшілігімен ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми ұсыныстар дайындау
  • Басқа білім беру немесе ғылыми мекемелермен ғылыми-зерттеу және бірлескен қызметке қатысу.
  • Беделді ғылыми журналдарда жариялау және басқа тиісті БАҚ арқылы зерттеу нәтижелерін тарату.
  • Ұлттық және халықаралық конференциялар мен іс-шараларда баяндамалар жасау
  • Аға оқытушының жетекшілігімен ғылыми ұсыныстарды және сыртқы қаржыландыруға өтінімдерді дайындауға қатысу.

Өтінім беру үшін қажетті құжаттар:
Үміткерлер келесі құжаттарды электронды түрде (MS Word немесе PDF файлы) тапсыруы керек:

  • Үміткер өтініш білдіретін лауазымы көрсетілген ілеспе хат
  • Егжей-тегжейлі түйіндеме
  • Екі ұсыныс хат
  • Біліктілік құжаттарының көшірмелері

Артықшылықтары

  • Халықаралық бәсекеге қабілетті жалақы
  • Жиһаздалған тұрғын үй
  • Постдокторанттар және олардың отбасылары үшін жыл сайынғы тұрақты тұрғылықты жеріне дейін бір әуе билеті
  • Оқытушылардың балаларына оқуға арналған жәрдемақы
  • Халықаралық медициналық сақтандыру

Өтініміңізді мына сілтемемен жіберуіңізді сұраймыз.