МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МАГИСТРІ
«Мемлекеттік басқару магистрі» бағдарламасы (MPA) мемлекеттік басқару саласында оқу мен кәсіптік дамуға қатаң тәсіл іздеуші кәсіпқойларға арналған. Бұлбағдарламастуденттер үшін саясатты, әзірлеуді,талдауды және іске асыруды, сондай-ақ саясат пен бағдарламаларды бағалауда берік негіз болады. ЖМСМтүлектерді мемлекеттік және жекеменшік секторлардағы, сондай-ақ халықаралық және коммерциялық емес ұйымдардағы орта деңгейдегі позициядан жоғары деңгейдегі позицияға дейін қамтитын лауазымдардың ауқымды аясындажұмысқа орналастыруды көздейді.Оқыту нәтижелері
Бағдарламаны табысты аяқтаған жағдайда түлектердің қолынан келуі тиіс:- жекеменшік және мемлекеттік секторлар проблемаларының кең аясын зерделеу үшін теорияларды, ғылыми-зерттеулерді және көшбасшылық дағдыларды пайдалану;
- агенттіктер желілерін, жекеменшік, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардың арасындағы өзара байланысты талдау және бағалау;
- әлеуметтік, экономикалық, саяси күштердің жекеменшік, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарға ықпалын талдау;
- басқару стратегияларын әзірлеу, сондай-ақкәсіптік және этикалық тұтастықты қолдау;
- ұйымдастырудың қаржылық, құқықтық, маркетингтік, сондай-ақ кадрлық мәселелері туралы білімін пайдалану;
- ұйымдастырушылық басқару мен әкімшілік етуді жақсарту үшін ақпараттық технологияларды пайдалану;
- ақпаратты бағалау, түсіндіру және жеткізу;
- проблемаларды шешу дағдылары мен сыни ойлау дағдыларын дамыту.