ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

Қатысу құқына мына кандидаттар ие:

  1. Бакалавр дәрежесі немесе соған сәйкес дәрежесі бар;
  2. 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар. Жаңадан оқу бітіргендер мен жас мамандар да өтініш бере алады.
  3. Ағылшын тілін білу: IELTS – ең төменгі жалпы балл 6.5, әр категорияда кем дегенде 6.0 балл, немесе баламалы TOEFL (TOEFL нәтижеңізді мұнда салыстырыңыз).
    Ағылшын тілі бойынша сертификаттар өтініш мерзімі аяқталғанға дейін 2 жыл ішінде жарамды. Қабылдау комиссиясы қалауы бойынша, үміткерлер мынадай жағдайларда тіл бойынша тесттен босатылуы мүмкін:
    – Алдыңғы академиялық дәрежелердің бірі ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, тәрбие, оқу және академиялық күнделікті өмірдің тілі болып табылатын елде берілген;
    – Бакалавр дәрежесі ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама шеңберінде берілді;
    – Өтініш беруші Назарбаев университетінің түлегі болып табылады.

Іріктеу критериі:

Кандидат өзінің зияткерлік деңгейін көрсетуі керек (бұрынғы академиялық жетістіктері бағаланады, эссе) және басшылық мүмкіндіктері (мектептен кейінгі, азаматтық және қоғамдық жұмыстағы жетістіктері, қызмет ету тарихы және ұсыныстар қарастырылады).
Назар аударыңдар, минималды талаптар автоматты қабылдауды білдірмейді.

Өтініш беру үрдісі

oppp

1 қадам. Онлайн өтініш

Алдымен өтінішті бермес бұрын төмендегі нұсқауларды орындау үшін барлығын оқып шығуға өзіңіздің 10 минут уақытыңызды бөліңіз.

Өтінішті беру үрдісі Назарбаев Университеті қабылдау комиссиясының онлайн порталы арқылы жүргізіледі. Барлық қажет құжаттар онлайн порталы арқылы берілуі керек: бірде бір өтініш электрондық пошта арқылы қабылданбайды.
Интернет арқылы өтінішті білдіру үшін Сізге электронды поштаңыздың адресін пайдаланып қолданушының есептеу жазбаларын жасау ұсынылады. Осы адресті Сіз барлық сауалдарды орындау үшін қолдануыңыз керек. Іріктеу кезіндегі барлық хат алмасу электрондық пошта арқылы жүргізіледі.

Есептеу жазбасын бабына келтіру үшін «Тіркелу» батырмасын басу керек (1-сурет).

qwe

Назарбаев Университетінде өзіңіздің аккаунтыңызды іске қосқаннан кейін «Менің өтініштерім» мәзіріне көшіңіз және өзіңіздің таңдаған келген бағдарламаңызды (Мемлекеттік саясат магистрі немесе Мемлекеттік басқару магистр) таңдаңыз. Сары түспен боялған өрістер міндетті түрде толтырылады.

Енді өтініш нысанын жүктеп, ашып, толтыра аласыз (2-сурет).

rggggg

Кандидаттарға өзінің ұсыныс хаттарын қарауға рұқсат етілмейді. Олар қатаң құпия болады және оларды Сіздің кандидатураңызды бағалауға жауапты адам оқи алады.

Сіздің өтініш толтырылғаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға расталу жіберіледі. Сізге тіркеу жарнасын төлеу ұсынылады.

Жарна онлайн кредит картасымен төлене алады. Қолма қол ақша қабылданбайды. Сіз өтінішіңізді қайтарып алғыңыз келсе немесе сіздің өтінішіңіз қабылданбаса сіздің төлеміңіз кері қайтарылмайды. Төлем Сіздің өтінішіңізде көрсетілген қабылдау мерзіміне дейін жасалуы керек.

 

2 қадам. Өтінішті қарау

Сіздің өтінішіңізді, төлеміңізді және барлық қажетті құжаттарыңыз алынғаннан кейін Назарбаев Университетінің қабылдау комиссиясы Сіздің барлық құжаттарыңызды қарайды. Егер қосымша ақпарат қажет болып жатса, Сізбен электрондық пошта арқылы хабарласады. Егер бағдарламаға қатысуға құқыңыз жоқ болып жатса, Сізге хабарланады. Өтініштің барлық критерилерге сай болуы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қабылдау комиссиясының мүшелері арқылы мұқият тексеріледі және бағаланады. Табысты кандидаттар сұхбатқа шақырылады.

Қабылдау комиссиясы және Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессор – оқытушы құрамынан және әкімшілік персоналынан, сондай-ақ стратегиялық серіктестің бір өкілінен тұрады.

3 қадам. Қабылдау комиссиясымен сұхбат

Қабылдау комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу Астана қ. университет қалашығында өтеді. Кандидат екі нұсқаның біреуін таңдай алады: не ол өзі келеді, не әңгімелесу қашықтан болады (әдетте Skype арқылы). Сұхбат 15 -30 мин аралығында болады. Сізге Cіздің ұмтылыстарыңыз туралы және бағдарламаның Cіздің мансабыңызғf қаншалықты сай екені жөнінде сұрақтар қойылады.
Біз Cізге бұл сұхбатқа әңгімелесуге дайындалғандай дайындалуға кеңес береміз. Сұхбат басталмастан бұрын өтініш білдірушіге кандидатқа оқу, зерттеу және шешім қабылдау үшін 30 минут уақытқа кейс стади беріледі. Бұл тақырыптық зерттеу мемлекеттік саясаттың өзіндік проблемасы болып табылады. Мұндай әдіс қабылдау комиссиясына өтініш білдірушінің әлеуеті мен мүмкіндігін, оның проблемаларды талдау және оларды шеше білуін бағалауға жағдай жасайды.

4 қадам. Қабылдау туралы шешім

Барлық сұхбат өткізілгеннен кейін Қабылдау комиссиясы ең дарынды кандидаттарды бағдарламаға қосылуға шақырады. Әрбір өтініш білдіруші нәтижені электрондық поштадан біледі.
Табысты өтініш білдірушілер өзінің ұсынысты қабылдағандығын растауы керек.

ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ МЕРЗІМДЕРІ

2023-2024 оқу жылына құжаттарды қабылдау кезеңі аяқталды. Біз сізге Мемлекеттік саясат магистрі бағдарламасына өтінім беру процесінде  көмектесетін алдағы ақпараттық сессиялар мен іс-шаралар туралы ақпаратты бақылауды сұраймыз.

1-қадам. Онлайн өтініш

Шетелдік талапкерлер үшін:  қараша, 2023- ақпан, 2024

Қазақстан азаматтары үшін:  қараша, 2023 –  6 мамыр, 2024

2-қадам. Өтінішті қарау

Шетелдік талапкерлер үшін: Наурыз, 2024

Қазақстан азаматтары үшін: Мамыр, 2024

3-қадам. Қабылдау комиссиясымен сұхбат

Шетелдік талапкерлер үшін: Наурыз, 2024 – Сәуір, 2024

Қазақстан азаматтары үшін: Мамыр, 2024 – Маусым, 2024

4-қадам. Комиссия шешімі

Шетелдік талапкерлер үшін: Сәуір, 2024

Қазақстан азаматтары үшін: Маусым, 2024

ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕК

Жыл сайын ЖМСМ 20-ға жуық мемлекеттік білім беру гранттарын (стипендияларды) қамтамасыз етеді, олар:

  • оқу төлемін,
  • басқа қалалардан келушілерге кампус аумағында ақысыз тұруды,
  • ай сайынғы стипендияны,
  • көлік шығыстарын және т.б. өтейді.

Мемлекеттік стипендия

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес Назарбаев Университетінің магистранттары үшін ай сайынғы стипендия 181250 теңгені құрайды. Мемлекеттік стипендияға семестр қорытындысы бойынша орташа үлгерімі «өте жақсы» (А және A-) және «жақсы» (B +, B, B-) үлгерімі бар студенттер үміткер бола алады.

Медициналық қорытынды (дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттердің академиялық демалыста болған кезеңіне мемлекеттік стипендия төленбейді.

Медициналық қорытынды негізінде академиялық демалыстағы студенттерге академиялық демалыс кезеңіне мемлекеттік стипендия көлемінің 50 (елу) пайызы (мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайыз көлемінде тиісінше мемлекеттік стипендия тағайындалады.

Жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған кезеңіне студенттерге мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шыққанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді.

Көліктік өтемақылар

«Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысына сәйкес жол жүру өтемақысы студенттерге жылына екi рет, қысқы және жазғы каникул кезеңiнде 4 еселенген АЕК мөлшерiнде төленеді.

МРР БІТІРУ СТАТИСТИКАСЫ:
92,5 %
stat2

FAQ

Жыл сайын тамызда.
Әрбір бағдарлама бойынша сыныпта шамамен 30 студент бар.
Мемлекеттік грант негізінде оқитын және академиялық үлгерімі жоғары (GPA «В-»-тан төмен емес) студенттерге 100 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.
Жатақхана МРР бағдарламасында мемлекеттік грант бойынша оқитын және Астана қаласының резиденті болып табылмайтын студенттерге беріледі.
Үміткер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) Ағалшын тілі біліктілігі туралы сертификат (IELTS: жалпы балл 6.5-дан төмен емес, әр бөлімде кем дегенде 6.0; немесе TOEFL-дағы баламасы: https://www.ets.org/toefl/institutions/scores/compare/)

2) Мемлекеттік органдар мен мекемелерде, ұлттық компанияларда, үкіметтік емес немесе халықаралық ұйымдарда, сондай-ақ шетелдік компаниялар мен мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесетін жеке сектор компанияларында жұмыс тәжірибесі:
МРР – 2 жылдан кем емес *;
МРА – МРА – жылдан кем емес.

* Бағалары жоғары университет түлектері өтініш бере алғанымен, артықшылық мемлекеттік қызмет саласына, қызығушылығы және/немесе осы бағытта еңбек өтілі бар, үкіметтік емес ұйымдарда және/немесе мемлекеттік сектормен тығыз қатынастағы жеке секторда лауазымда жұмыс тәжірибесі бар үміткерлерге беріледі.

3) Бакалавр (маман) дәрежесі.
Үміткер мемлекеттік білім беру тапсырысымен, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы бойынша магистр жәрежесін алмаған болса, мемлекеттік грантқа үміттене алады.
Құжаттардың толық топтамасы ТЕК ҚАНА онлайн қабылданады. Талапкер http://admissions.nu.edu.kz қабылдау порталында тіркелуі қажет.
Иә. Өтінім берген кезде өтінімді қарау үшін ақыны төлеуді сұрайды.
10 000 теңге – табысы төмен және орташа елдерден үміткерлер үшін ақы (жалпыұлттық табыс 14 000 АҚШ долларға дейін)
28 000 теңге – табысы жоғары елден үміткерлер үшін ақы(14 001 АҚШ доллардан жоғары).

Төлем несие карточкасымен онлайн жасалуы мүмкін. Қолма-қол ақша қабылданбайды. Сіздің төлеміңіз тіпті кері қайтару немесе өтiнiш қабылданбаған жағдайларда қайтарылмайды. Ақы тек Сіздің өтініште көрсетілген қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қолданылуы мүмкін.
Құжаттар тізімі:

1) онлайн толтырылған сауалнама (құрамында үш эссе);

2) үміткердің кәсіби қабілеттерін бағалай және оның жетістіктері мен болашақ жоспарларынан хабары бар тұлғалардан екі құпия ұсыныс хат. Олардың біреуі жұмыс берушінің атынан болуы тиіс (жұмыс тәжірибесі болған жағдайда). Екінші рецензиялаушы үміткердің шешімі бойынша таңдалады.

Ұсыныс хаттар үміткер сауалнамада көрсеткен рецензиялаушылардан автоматты түрде сұратылады. Рецензиялаушы ұсыныс хатты тікелей ЖМСМ-ге үміткердің қатысуынсыз жібереді.

3) түйіндеме;

4) бакалавр (маман) дәрежесін беру туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

Шетелдік университеттердің бакалавр және/немесе магистр дипломы бар үміткерлер тиісті білім беру ұйымына диплом қосымшасын тікелей ЖМСМ-ге келесі мекенжай бойынша жіберу туралы ресми сұрату жіберуі тиіс:

Admissions Department
53 Kabanbay batyr ave.
Astana 010000
Kazakhstan

5) оқу басталған кезде әрекеттегі академиялық ағылшын тілі біліктілігі туралы ресми сертификат (IELTS немесе TOEFL).

Бакалавр және/немесе магистр (немесе олардың баламасы) дәрежесін ағылшын тілі негізгі оқыту тілі болып табылатын білім беру мекемелерінен алған үміткерлер IELTS немесе TOEFL сертификаттарын ұсынудан босатылады.

6) үміткердің жеке куәлігі немесе төлқұжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

7) қызметкердің еңбек тәжірибесін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);

8) жарамды GRE немесе GMAT ресми сертификаты.

GRE/GMAT сертификаттарын ұсыну міндетті емес. Алайда, аталған тесстердің нәтижелері туралы құжаттарды ұсыну оқуға қабылданған кезде үміткердің өтінішін күшейтуі мүмкін.

Барлық құжаттар ағылшын тілінде ұсынылуы тиіс немесе ағылшын тіліне аударылып, нотариалды расталуы тиіс.
Екі бағдарлама бойынша, өтініштержыл сайын 20 сәуірге дейін қабылданады.
Қабылдау комиссиясы ЖМСМ-ның және әріптес Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің оқытушыларынан, сондай-ақ ЖМСМ басшылығынан тұрады.
Өтінімдер: қараша – сәуір
Өтінімдерді қарау: мамыр-маусым
Сұхбат: маусым-шілде
Шақыру хаттары: шілде
Студентті тіркеу: тамыз
Иә, МРА бағдарламасы бойынша оқыған жағдайда.

Жалпы ақпарат

Сқрақтар бойынша Қабылдау департаментіне хабарласыңыз

gspp_admissions@nu.edu.kz
+7 7172 706662