Кәсіби білім бағдарламалары

Күрделі қоғамдарда саясатты жүргізу көптеген қиындықтарға толы. Қоғамдар өзгерістерге ұшырайды, өзгерістердің қарқыны үнемі артады, ал басқарушылар туындайтын маңызды мәселелердің саяси шешімдерін тұрақты түрде әзірлеуі тиіс.

Кәсіби білім бағдарламасының (КББ) мақсаты саясатты әзірлеушілерді серпінді дамып жатқан әлемдегі күрделі проблемаларға әрекет ету үшін дағдылар мен тәсілдермен қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламаларымызға қатысу арқылы мемлекеттік саясат мамандары мықтырақ көшбасшы, тиімді менеджер және қабілетті саясатты әзірлеушілер болады. Бұған тыңдаушыларға ақпаратты талдауға және өзгерістерді өзінің мінез-құлқына, ұйымына және еліне қолдануға мүмкіндік беретін ең үздік халықаралық тәжірибені енгізу арқылы қол жеткіземіз.

Біздің халықаралық профессорлар, интегрирленген тәсіл және тиімді басқару арқылы дамуға болысуға берілгендік – осының барлығы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Қазақстан мен Орталық Азиядағы саясаткерлер мен көшбасшыларды баптаудың оң ортасы болудың құрамдас бөлігі.

Оқу аяқталысымен қатысушылар сертификат алады.

lnk_block_img1

Ашық тіркелу бағдарламалары

Мамандарға мансап барысында қолданылатын тиісті практикалық дағдыларды береді. Күнтізбе

lnk_block_img2
Тапсырыскерге бейімделген бағдарламалар

Тапсырыскердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған және сұрату бойынша ұсынылады.

ПІКІРЛЕР

testim_img1

“Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Қазақстанның мемлекеттік басқарушылары үшін бірегей пәнаралық курстарды ұсынады. Мемлекеттік саясат және көшбасшылықты дамыту саласындағы іргелі ғылыми зерттеулерге негізделген бұл курстар шын мәнінде Назарбаев Университетінің айрықша білім беру өнімі болып табылады. Министрлік Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен Қазақстанның сыртқы саясаты мәселелері бойынша бағытын дамытудағы әріптестігін мақтан етеді”.

Ерлан Ыдырысов,
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
testim_img2

“Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі үшін Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебін дамытуға стратегиялық әріптес ретінде таңдалғандығы – зор мәртебе. Біз біліміміз бен үздік тәжірибемізбен бөлісуге, сондай-ақ Кәсіби білім бағдарламаларын дамытуда ынтымақтасуға қуаныштымыз. Кәсіби білім курстары Қазақстан және Орталық Азияда көшбасшылық орындарға қол жеткізуге ұмтылатындар үшін пайдалы болатындығына сенімдіміз. Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен әріптестікте Қазақстанның 270 жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілерін оқыттық”.

Кишор Махбубани,
Декан және мемлекеттік саясат практикасы саласындағы профессорЛи Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебіСингапур ұлттық университеті
testim_img3

“Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Кәсіби білім бағдарламасында дәріс беруге қуаныштымын. Бұл – Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінің алдында тұрған қиындықтарға төтеп беру үшін білім және дағдылармен алмасудың, оларды қалыптастыру мен қолданудың тамаша мүмкіндігі. Кәсіби білім бағдарламаларының арқасында мемлекеттік қызметшілердің сапасы, құзыреті мен дағдылары айтарлықтай артатындығына сенімдімін. Бұған қоса, институционалдық жетілдірудің керемет жобасының бір бөлігі болу – мен үшін үлкен мәртебе”.

Джилиберто Капано,
Саясаттану және мемлекеттік саясат профессорыХалықаралық мемлекеттік саясат қауымдастығының қазынашысыСаясаттану және әлеуметтану саласындағы PhD бағдарламасының директорыСкуола Нормале Супериоре.

СҰРАҒЫҢЫЗ БАР МА?

Қызығушылық білдірсеңіз, бізге хабарласыңыз.

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
Назарбаев Университеті
Мекен-жай: Қабанбай батыр даңғ., 53,
Астана, 010000, Қазақстан Республикасы
Tел.: +7(7172)709156
Email: execed.gspp@nu.edu.kz