ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ:

  1. бірінші немесе жоғары екінші үздік дәреже (немесе баламасы) немесе магистр дәрежесі немесе баламасы (2-цикл). Академиялық дайындық пен жұмыс тәжірибесінің өзектілігін, сондай-ақ дәрежелердің баламалылығы мен орындылығын Қабылдау комиссиясы анықтайды.
  2. талапкердің бакалавр және/немесе магистр дипломының ең төменгі жалпы орташа баллы 4,00-ден 3,0 немесе баламасы болуы.
  3. кемінде 3 жыл тиісті жұмыс тәжірибесі. Егер Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша талапкер жоғары академиялық үлгерім көрсете алса, Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша жұмыс тәжірибесі аз үміткерлер де қарастырылуы мүмкін.
  4. GRE немесе GMAT тестілерінде (міндетті емес) көрсетілген мықты оқу, аналитика және математика дағдылары. GRE/GMAT ресми ұпайы міндетті талап болмаса да, бәсекеге қабілетті GRE/GMAT ұпайын тапсыру арқылы өтініш беруші өз мүмкіндігін арттыра алады.
  5. ағылшын тілін меңгерудің қажетті деңгейі:Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын абсолютті ең төменгі талап IELTS тестінің жалпы 6,5 балының әр бөлімдер бойынша кемінде 6,0 балы, немесе ETS веб-сайтында расталған TOEFL іBT баламалы балы болып табылады.
  • Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша талапкерлер келесі жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін тапсырудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі күнделікті өмірдегі қарым-қатынас, оқу және ресми тіл болып табылатын елде академиялық дәрежелердің бірін алған жағдайда;

– бакалавр немесе магистр дәрежесі ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы бойынша алынған жағдайда. Ағылшын тілінде оқытылатын пәндер санына қойылатын абсолютті минималды талап – оқыған университеттің ресми растауына сәйкес ағылшын тілінде дәреже алу 100% – дан 70%-ды құраған жағдайда;

– талапкер «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының түлегі болған жағдайда.

 

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ:

  1. Бағдарламаға түсуге арналған толтырылған сауалнама нысаны;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке куәліктің және/немесе паспорттың (егер қолданыста болса) сканерленген көшірмесі;
  3. шетелдік үміткерлер үшін паспорттың сканерленген көшірмесі;
  4. Бакалавр, магистр (немесе баламалары) дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады.
  5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлерге жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыру қажет;
  7. Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;
  8. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE/GMAT сертификаты (бар болған жағдайда);
  9. Ілеспе-хат (300-500 сөз);
  10. Екі құпия ұсыным хат (рецензент электрондық немесе қағаз түрінде ұсынуы тиіс);
  11. Үміткердің бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (2000 сөз).

 

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР:

  • Докторантура бағдарламаларына 2024-2025 оқу жылына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 

             Шетел азаматтары үшін 2023 жылғы желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 4 наурыз, 13:00 дейін (Қазақстан, Астана уақытымен);

             ҚР азаматтары үшін 2023 жылғы желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 22 сәуер,  13:00 дейін (Қазақстан, Астана уақытымен);

  • Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

            Шетел азаматтары үшін 2024 жылғы  18 наурыз, 23:59 дейін (Қазақстан, Астана уақытымен);

            ҚР азаматтары үшін 2024 жылғы 6 мамырға, 23:59 дейін (Қазақстан, Астана уақытымен);

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады