Шолу
NU GSPP түлектерінің қауымдастығы алуан түрлі. Олардың арасында бірқатар елдердің азаматтары бар: Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжістан.
![]() |
|
NU GSPP түлектері әртүрлі мамандық иелері. Олар мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторларда, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді. Атап айтқанда, біздің түлектер Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде, Сыртқы істер министрлігінде, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде, Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, «ҚазМұнайГаз», «Бәйтерек», «Транстелеком» секілді ұлттық компанияларда, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында, Назарбаев Университетінде, Мемлекеттік басқару академиясында, АХҚО, БҰҰ бөлімшелерінде, Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымында, Дүниежүзілік банкте, Қазақстандағы елшіліктерде, сондай-ақ Қазақстандағы және шетелдегі жеке компанияларда қызмет етеді.
![]() |
Мемлекеттік сектор 10% Квазимемлекеттік сектор 35% Жекеменшік секторы 32% Халықаралық ұйымдар 8% Елшіліктер 2% Білім беру секторы 5% Басқа 8% |
Түлектер Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі туралы |
NU GSPP түлектерімен өзара әрекеттесу
Түлектер қауымдастығы дарынды студенттерді NU GSPP академиялық және басқарушылық білім беру бағдарламаларында оқуға тартудың қуатты және тиімді құралы болып табылады.
NU GSPP түлектері Мектеп пен Университеттің Ашық есік күндеріне және бағдарлау апталығына қатысады. Олар NU GSPP және университеттің жергілікті және халықаралық елшілері. NU GSPP Арменияда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Әзірбайжанда, Ауғанстанда және Үндістанда елшілері бар. Олар Мектеп пен Университеттің танымалдығын арттырады және талантты, болашағы зор студенттерді оқуға тартуға ықпал етеді.
Еуропалық мемлекеттік басқаруды аккредиттеу қауымдастығының (EAPAA) аккредиттеу комиссиясы түлектер мен олар өкілдік ететін ұйымдардың белсенді қатысуын жоғары бағалады. Бұл 2019 жылы NU GSPP магистратура бағдарламаларына Еуропалық EAPAA аккредитациясын беру туралы шешімге оң әсер етті. NU GSPP 2022-2023 жылдарға жоспарланған NASPAA аккредитациясына түлектерді көбірек тартуды күтеді. Тиімді коммуникациялар маңызды, сондықтан NU GSPP мектеп бітірушілерін алдағы Мектеп шаралары мен жоспарлары туралы үнемі хабарлап отырады.
Жыл сайынғы түлектер кездесулері барлық түлектерді біріктіруге, мектептің миссиясы мен бағыттары туралы ақпарат алмасуға және өзара байланыстарды кеңейтуге мен нығайтуға арналған платформа болып табылады. Осындай іс-шаралар жаңа және ескі түлектер арасындағы байланыс нүктесі болып табылады, бұл әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Қауымдастық түлектер мен қазіргі студенттерді байланыстыруға және жұмыс мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісуге көмектесетін әлеуметтік медиа шараларды жүргізеді.
NU GSPP түлектері ғылыми-зерттеу және оқытудың әртүрлі салаларында тәжірибе алмасуда Мектеп пен басқа қазақстандық университеттер арасындағы дәнекер болып табылады. Сонымен қатар, түлектер мектепті алға жылжытудың маңызды арнасы болып табылатын «Басқарушы білім» бағдарламасына студенттерді тартуға көмектеседі. NU GSPP түлектерінің қауымдастығы 2017 жылы барлық түлектерді біріктіру және бүкіл ел бойынша мүшелерді қолдау үшін платформа ұсыну үшін құрылды. Қауымдастық NU GSPP түлектері, қазіргі студенттер және Мектеп арасындағы байланысты нығайту үшін әлеуметтік және кәсіби қызметпен айналысады. Бірлестіктің өз жарғысы мен комитеті бар.