NU GSPP түлектер қауымдастығы викторина өткізді

Фотосүрет Paparazzi Club сайтынан алынды

NU GSPP қауымдастығындағы өзара қарым-қатынастардың орнығуына зор көңіл бөледі. Осындай қатынастарды қолдайтын шаралардың бірі ү.ж. 12 желтоқсанда өтті. НУ түлектері қауымдастығының қолдауымен NU GSPP түлектері қауымдастығының комитеті Мектеп студенттерін, түлектерін және қызметкерлерінің басын Нұр-Сұлтандағы Ирландиялық Harats пабында қосты.

Фотосүрет Paparazzi Club сайтынан алынды

Ойын басталмас бұрын іс-шараны ұйымдастырушылар – NU GSPP түлектері қауымдастығының мүшелері және Мектеп түлектерімен байланыс жөніндегі менеджері Ажар Үмбетова өздерін таныстырып, Қауымдастық қызметі, оның мақсаттары мен іс-шаралары және 2022 жылға жоспарлары туралы ақпарат берді.

Фотосүрет Paparazzi Club сайтынан алынды

Түлектер қауымдастығы дарынды студенттерді NU GSPP бағдарламалары бойынша оқуға тартудың қуатты және тиімді құралы болып табылады. NU GSPP түлектері Мектеп пен Университеттің Ашық есік күндеріне және бағдарлау апталығына қатысады. Олар – NU GSPP және университеттің жергілікті және халықаралық елшілері. NU GSPP-нің Арменияда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Әзірбайжанда, Ауғанстанда және Үндістанда елшілері бар. Олар Мектеп пен Университеттің танымдылығын арттырады, талантты және болашағы зор студенттерді жұмысқа тартуға ықпал етеді.

Фотосүрет Paparazzi Club сайтынан алынды

NU GSPP түлектерінің қауымдастығы 2017 жылы бүкіл ел бойынша түлектерді біріктіру және бір-бірімен байланысты қолдау платформасын қамтамасыз ету үшін құрылған. Қауымдастық NU GSPP түлектері, қазіргі студенттер мен Мектеп арасындағы байланысты нығайту үшін әлеуметтік және кәсіби қызметпен айналысады.

Қауымдастықтың қызметі туралы көбірек білгіңіз келсе, NUGSPP түлектері қауымдастығының Facebook-тегі парақшасына жазылыңыз.

 

 

ІС-ШАРАНЫҢ БЕЙНЕ МАТЕРИАЛЫ