Оқуға түсу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?

Құжаттар тізімі:

1) онлайн толтырылған сауалнама (құрамында үш эссе);

2) үміткердің кәсіби қабілеттерін бағалай және оның жетістіктері мен болашақ жоспарларынан хабары бар тұлғалардан екі құпия ұсыныс хат. Олардың біреуі жұмыс берушінің атынан болуы тиіс (жұмыс тәжірибесі болған жағдайда). Екінші рецензиялаушы үміткердің шешімі бойынша таңдалады.

Ұсыныс хаттар үміткер сауалнамада көрсеткен рецензиялаушылардан автоматты түрде сұратылады. Рецензиялаушы ұсыныс хатты тікелей ЖМСМ-ге үміткердің қатысуынсыз жібереді.

3) түйіндеме;

4) бакалавр (маман) дәрежесін беру туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

Шетелдік университеттердің бакалавр және/немесе магистр дипломы бар үміткерлер тиісті білім беру ұйымына диплом қосымшасын тікелей ЖМСМ-ге келесі мекенжай бойынша жіберу туралы ресми сұрату жіберуі тиіс:

Admissions Department
53 Kabanbay batyr ave.
Astana 010000
Kazakhstan

5) оқу басталған кезде әрекеттегі академиялық ағылшын тілі біліктілігі туралы ресми сертификат (IELTS немесе TOEFL).

Бакалавр және/немесе магистр (немесе олардың баламасы) дәрежесін ағылшын тілі негізгі оқыту тілі болып табылатын білім беру мекемелерінен алған үміткерлер IELTS немесе TOEFL сертификаттарын ұсынудан босатылады.

6) үміткердің жеке куәлігі немесе төлқұжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

7) қызметкердің еңбек тәжірибесін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);

8) жарамды GRE немесе GMAT ресми сертификаты.

GRE/GMAT сертификаттарын ұсыну міндетті емес. Алайда, аталған тесстердің нәтижелері туралы құжаттарды ұсыну оқуға қабылданған кезде үміткердің өтінішін күшейтуі мүмкін.

Барлық құжаттар ағылшын тілінде ұсынылуы тиіс немесе ағылшын тіліне аударылып, нотариалды расталуы тиіс.