Доктор Рикардо Пелиццо өткен сенбіде «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі ұйымдастырған «Заманауи Қазақстандағы саяси үрдістер» видеоконференциясында сөз сөйледі. Саясаттанушылар мен халықаралық сарапшылармен қатар, ЖМСМ вице-деканы елдегі мемлекеттік басқару саласындағы ағымдағы үрдістерге талдау жасап, баға берді.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) «Самұрық-Қазына» қоры және елдегі «Қазпошта», «Қазақтелеком», «Қазатомпром», «KEGOC»сияқты ірі ұлттық компанияларға арналған екі күндік кәсіби дамыту бағдарламасын ұйымдастырды.
2016 жылғы 25 қарашада ЖМСМ МРА жобасының презентациясы өтті (МРА бірінші тобы). Бұл оқуды аяқтау жолындағы соңғы кезең. Әртүрлі тақырыпта, ой салатын алты презентация ұсынылды.
2016 жылы 23-25 қарашада Академиялық мәселелер бойынша ЖМСМ деканының орынбасары д-р Рикардо Пелиццо және аға оқытушы д-р Салтанат Жаненова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясының мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Мемлекеттік аппаратты құру: ағымды ға мәртебе және келешектері» семинарына қатысты.
2016 жылы 24 қарашада студенттерді қабылдау бойынша кампания щеңберінде, МСЖМ өкілдері ҚР Сыртқы істер министрлігіне, ҚР Ақпарат және Коммуникациялар министрлігіне және «Азаматтар үшін үкімет» акционерлік қоғамына барды.