ЖМСМ конференциясының ғылыми тақырыптары: мемлекеттік басқару, экономиканы әртараптандыру, табиғи ресурстардың саяси экономикасы, посткеңестік мемлекеттердің реформалары, Орталық Азияда мемлекеттік саясат саласында білім беру, Орталық Азиядағы қауіпсіздік Азаматтық қоғам және қоғамдық сала.
2017 жылы 8-9 маусымда Мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинарда ЖМСМ профессоры Фуа Кай Хон және Назарбаев Университеті Медицина мектебінің профессоры Байрон Крейп таныстырылымдар өткізді (Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасы).
Профессор Кишор Махбубани мен профессор Венг Тат Хуэй, ЖМСМ деканы Қазақстан Респуликасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен, Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахмановпен, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевпен және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен кездесті. Олар жаһандық басқару, геосаясат және мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту сияқты өзекті мәселелерді талқылады.
2017 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі «Әлеуметтік кеңестер: Қазақстанның халықаралық практикасы және тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізді
2012 жылы ашылған сәттен бастап Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат мектебі Сингапур Ұлттық университеті жанындағы Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебімен стратегиялық әріптестікті орнатты. Сонымен бірге, біз Орталық Азиядағы ең үздік мемлекеттік саясат мектебі ретінде Жоғары мемлекеттік саясат мектебін құру бағытында жұмыс істедік.