«Өзгермелі әлемде мемлекеттік саясат және тиімді басқару» атты жыл сайынғы 6-ші халықаралық NU GSPP конференциясы

2022 жылы 7 маусымда Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) «Өзгермелі әлемде мемлекеттік саясат және тиімді басқару» атты жыл сайынғы 6-ші халықаралық конференциясы өтті.

Конференция Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің, Астана қаласының мемлекеттік қызмет хабының және SDSN Қазақстанның серіктестігімен ұйымдастырылды. Конференцияға АҚШ, Әзірбайжан, Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Сингапур және Үндістан елдерінен келген зерттеушілер, ғалымдар, сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер және студенттердің онлайн және оффлайн аралас форматта қатысты.

Конференция аясында 6 панельдік сессия өткізілді. Іс-шара тиімді басқару саясатын қалыптастыру маңыздылығын және COVID-19 пандемиясына, жергілікті және аймақтық тұрақсыздықтың өсуіне байланысты туындайтын мәселелердің мүмкін шешімдерін талқылауға мүмкіндік берді.

Конференция бағдарламасын жүктеңіз.

 

ӨТКІЗУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

Күні: 7 маусым 2022 жыл
Уақыты: 09:00-18:00 (GMT+6)
Өтетін орны: Назарбаев Университеті, С3 блогы, Red Hall залы (1022), 1009, 1010
Форматы: гибридті (онлайн және офлайн түрде өтеді)