НУ ЖМСМ «Еуразиядағы саясат өзгерісі және салалық реформалар» тақырыбына арналған 5-ші халықаралық конференция өткізді

2021 жылы 15-16 қазанда Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (НУ ЖМСМ) « Еуразиядағы саясат өзгерісі және салалық реформалар» атты жыл сайынғы 5-ші халықаралық онлайн конференциясы өтті. Конференция Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің, Астана қаласының мемлекеттік қызмет хабының, ECOJER аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығының және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) серіктестігімен ұйымдастырылды.

Конференцияға Қазақстан, Германия, Греция, Италия, Қырғызстан, Ресей, Сингапур, Тәжікстан, Ұлыбритания, Үндістан, Финляндия, Черногория, Швеция және Жапония елдерінен келген зерттеушілер, ғалымдар, сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер және студенттер қатысып, Еуразиядағы саясаттың өзгеруіне және салалық реформаларға қатысты мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды.

Конференция барысында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, FAO, ECOJER аймақтық экологиялық бастамалар ассоциациясы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Еуразиялық топ, Қазақстандағы Alstom, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС-і, Халықаралық ғылыми-технологиялық орталық, Экономика және мемлекеттік басқару орталығы, Тянь -Шань cу проблемалары мен гидроэнергетикалық ғылыми-зерттеу орталығы, Құрғақ аймақтардағы зерттеулер мен білім берудің халықаралық платформасы, Мал шаруашылығы және жемшөп өндіру институты, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ., КИМЭП, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ университеті, Narxoz университеті, Сулейман Демирел университеті, Қазақ-неміс университеті, Алматы менеджмент университеті, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Қырғыз-орыс славян университеті, Орталық Азия университеті, Янина университеті, Халықаралық ынтымақтастық неміс қоғамы, Эгей университеті, Уппсала университеті, Киото университеті, Тохоку университеті, Тоттори университеті, Фрайбург университеті, Гуссенус Либиг университеті, Бристоль университеті , Оулу университеті, Глазго университеті, Киль университеті, Мумбай университеті өкілдерінің пікірлері айтылды.

НУ ЖМСМ конференциясының ұйымдастырушысы, д-р Стефанос Ксенариос Конференция жұмысына Жапония университеттерінің, Финляндиядағы Оулу университеті және Глазго университеті профессорларының қатысуын және олардың Орталық Азияға қатысты зерттеулерінің нәтижелерімен бөліскенін ерекше атап кетті.

НУ ЖМСМ деканы Вэн Тат Хуи Конференция қатысушыларын құттықтап: «COVID-19 пандемиясы Тұрақты даму мақсаттарына (SDGs) қол жеткізуге кері әсер етті. COVID-19 эндемикалық әлемінде үкіметтер мен қоғамдар тұрақтылыққа жету үшін экономикалық және әлеуметтік жүйелерді нығайтуға тырысады. Бұл дұрыс саясат пен жақсы басқару қажеттілігінің маңыздылағын одан әрі сездіреді. Жақсы басқарудың маңыздылығын қайта атап өтіп, біз Қазақстан мен Орталық Азияда тұрақты даму үшін жағдай жасау үшін басқару сапасын жақсарту қажет екеніне сенеміз. НУ ЖМСМ жыл сайын өтетін конференцияның ағымды жылғы тақырыбын сол себепті Еуразиядағы саясатты өзгерту мен салалық реформалар мәселелеріне арналған,» – деді.

Қазақстан мен Орталық Азияда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін жетілдіру мақсатында Назарбаев Университеті 2020 жылдан бері БҰҰ Тұрақты Даму Шешімдер Желісінің (SDSN) мүшесі болды. SDSN мүшесі ретіндегі НУ қызметі Қазақстан мен Орталық Азияда тұрақты даму мақсаттарына жетуге кедергі келтіретін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді байланыстыратын білім берудің интеграцияланған тәсілдерін ілгерілетуге бағытталған (NU SDSN қызметі туралы толығырақ).

Конференция аясында аймақтың тұрақты даму аспектілері бойынша 10 панельдік сессия мен 4 дөңгелек үстел өткізілді. Панельдік сессиялардың тақырыптық бағыттары экономикалық және әлеуметтік дамудың аспектілерін, саясаттың құрылымы мен процестерін, басқару мен институционалдық реформаны қамтиды. Сонымен қатар энергия мен су ресурстарын басқару проблемаларына арналған кездесулер, Жапония университеттерінің қатысуымен Орталық Азиядағы экологиялық кең ауқымды мәселелер бойынша арнайы сессия өтті. Конференция сонымен қатар жаңа зерттеушілерге өз зерттеулерімен бөлісуге мүмкіндік берді.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто конференцияны ашуға ұсыныс бергені үшін конференция ұйымдастырушыларына алғысын білдірді. Ол COVID-19 пандемиясының салдарын және оның мемлекеттік саясатқа әсерін, әсіресе кедейлік пен жұмыссыздық сияқты мәселелерді шешуде зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

Конференцияның екі күндік жұмысын қорытындылап, ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, д-р Риккардо Пелиццо: «Соңғы бес жылда өткен барлық конференциялардың ішінде ағымдысы басқаларға қарағанда халықаралық сарапшыларды көбірек тартты: 15 елдің спикерлері қатысты. Бұл жағдай Мектебіміздің зерттеулері бағытталған екі сала – мемлекеттік секторды реформалау және энергетикалық ортаның өзара байланысы атты мәселелерін талқылау тек жергілікті ғана емес, жаһандық деңгейде де өте маңызды; сол себепті біздің платформа әлемнің әйгілі сарапшылары мен зерттеушілері үшін тартымды деген ой келтірді,» – деді.

Конференцияның панельдік сессиялары мен дөңгелек үстелдерінің бейне жазбаларын келесі сілтемелер бойынша көріңіз:

5th 2021 NU GSPP Conference on “Policy Change and Sectoral Reforms in Eurasia” 

Welcome remarks

Day 1. October 15 (Friday)

 

Day 2. October 16 (Saturday)

Session 1: Development Challenges in Eurasia

 

Session 6: Sectoral Reforms in Eurasia (Early Career Researchers)

Session 2: Policy Processes and Structural Policy Changes in Eurasia

 

Session 7: Environmental Challenges in Central Asia

Roundtable 1: Environmental Policy on Corporate Social Responsibility in the context of Sustainable Development in Kazakhstan

 

Roundtable 3: Sustainable Land Use Resources and Food Systems in Kazakhstan

Session 3: Policy change and challenges for the energy sector: Regional perspectives and visions to 2050

 

Session 8: Public Administration and Institutional Reforms in Eurasia

Session 4: The Effects of the COVID-19 on Public Administration: Lessons Learnt and Perspectives for the Future

 

Session 9: Water Desiccation and water resources decline in Eurasia

Roundtable 2: Sustainable Development and Education in the Tertiary Educational Sector in Kazakhstan

 

Roundtable 4: Youth and Student Initiatives on Sustainable Development in Kazakhstan

Session 5: Poster session

 

Session 10: Poster session

Day 1 Closing Remarks

 

Day 2 Closing Remarks

НУ ЖМСМ өткен конференциялары туралы біліңіз:

Good Governance and economic diversification in resource rich economies, 2017

Contemporary issues in public administration in post-soviet Eurasia, 2018

Risk, rationality and resilience, 2019

Sustainable development goals in Central Asia and the challenges of COVID-19, 2020