Мақсат Қасен Вашингтонда өткен Америка саясаттану қауымдастығының жыл сайынғы конференциясына қатысты

333558

2019 ж. 29 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің ассистент-профессоры Мақсат ҚАСЕН АҚШ астанасы Вашингтонда, Колумбия округі Америка саяси ғылымдар қауымдастығының жыл сайынғы симпозиумына секциясының төрағасы ретінде қатысты. Осы беделді халықаралық ғылыми конференцияға Гарвард, Массачусетс технологиялық институты, Оксфорд, Чикаго, Калифорния, Кембридж, Нью-Йорк сияқты әлемге танымал және көптеген басқа университеттер мен зерттеу орталықтарынан жер жүзінің 5 мыңнан астам саясаттанушы қатысты.

Америка Саяси ғылымдар қауымдастығының конгресі жыл сайын саясаттың қазіргі үрдістерін талқылауға және саясаттану, қоғамдық қатынастар, мемлекеттік басқару мен халықаралық қатынастардың әртүрлі салаларында іргелі / қолданбалы зерттеулер мен оқытудың озық тәжірибелері / әдістемелерімен алмасуға арналған жаһандық саяси алаң ұсынады. Қауымдастық жұмысының аясында жыл сайын тамыздың аяғы мен қыркүйек айының басында халықаралық ғылыми симпозиум өтеді, оған әлемнің 80-нен астам елінің көрнекті ғалымдары қатысады, олар тұтастай алғанда саясат тану мен мемлекеттік саясаттың және атап айтқанда, мемлекеттік басқарудың барлық көріністерін талқылауға қатысады.

2019 жылдың шілдесінде профессор Мақсат ҚАСЕН конференцияны ұйымдастырушылардан осы беделді саяси және ғылыми форумға мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару (24- кіші бөлім: Мемлекеттік басқару) үш тобына төраға, спикер және сарапшы ретінде қатысуға және сөз сөйлеуге шақырту алды. 2019 жылғы 29 тамызда Мақсат ҚАСЕН екі рөлде қатысты: әуелі сарапшы/дискурсант ретінде “Making Use of the Market: Government Contracts and Outsourcing» (ағылшын тілінен аударғанда «Нарықты пайдалану: мемлекеттік келісім-шарттар және аутсорсинг») секциясына сарапшы ретінде, одан кейін “Bureaucratic Effectiveness in Comparative Context” (ағылшын тілінен аударғанда «Салыстырмалы талдаудағы бюрократиялық тиімділік») секциясына баяндамашы ретінде қатысты. Екінші бөлімде ұсынған оның ғылыми мақаласы: “Open data as a collaborative trend: understanding peer-to-peer interactions” (ағылшын тілінен аударғанда «Әлеуметтік ынтымақтастықтың тренді ретіндегі ашық деректер: процеске тең қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл туралы») деп аталады.

2019 жылдың 1 қыркүйегінде профессор Мақсат ҚАСЕН конференцияға “Experimental Research and Behavioral Public Administration” (ағылшын тілінен аударғанда «Эксперименталды зерттеулер және мінез-құлықтық мемлекеттік басқару») деп аталатын ғылыми секцияның төрағасы ретінде қатысты (конференцияның бағдарламасын осы жерде көруге болады).

Бұдан басқа, конференция уақытында Мақсат ҚАСЕН Америка саяси ғылымдар қауымдастығының жыл сайынғы отырысына оның тұрақты мүшесі ретінде осы ұйымның қазіргі жұмысы мен мемлекеттік саясаттағы және оны зерттейтін ғылымдағы соңғы үрдістерді талқылау үшін, сондай-ақ алдағы жылға арналған жаңа ғылыми күн тәртібіне дауыс беру үшін қатысты. Отырыс барысында біздің ғалымымыз осы қауымдастықтың басшылығымен, атап айтқанда, оның президенті профессор Роджер Смитпен кездесті.

Бұған қоса, профессор Мақсат ҚАСЕН басты конференция залында өткен кітап көрмесінде болды. Онда өзінің “Open Data Politics” (ағылшын тілінен аударғанда «Ашық деректер саясаты») деп аталатын жуырда жарық көрген кітабы арнайы стендке көпшілікке көрсету үшін қойылған еді. Кітапты бірнеше ай бұрын Швейцарияда ағылшын тіліндегі беделді және әлемге танымал академиялық Springer баспасынан бірнеше ай бұрын жарық көрген болатын (кітапқа сілтемені қараңыз).