Ивайло Изворский: Әлем өзгеріп жатыр, оның ішінде Қазақстан да өзгеріп жатыр.

Осы жылдың 19 мамырында НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде Дүниежүзілік банктің макроэкономика және қарызды талдау жөніндегі жаһандық тәжірибе менеджері Ивайло Изворскиймен дәріс өтті.

И.Изворский «Қазақстан: тәуелділік – қашықтық – таралу» тақырыбындағы дәріс аясында Қазақстан экономикасын жаңғырту нұсқаларын талқылады. Талқылау барысында спикер Қазақстан үшін негізгі міндеттер мен өнімділік, мобильділік және байланыс секілді басым бағыттарды атап өтті.

Атап айтқанда, Изворский әлем өзгеріп жатыр, оның ішінде Қазақстан да өзгеріп жатыр, ал өзгермелі әлемде тұрақты болу артта қалуды білдіреді деп атап өтті. Ол экономикалық еркіндік пен халықтың билікке деген сенімінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол халық арасында сенімге ие болу үшін үкімет тең дамуға емес, тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге баса назар аударуы қажеттігін атап өтті.

Дәрістің толық бейнебаянын NU GSPP YouTube арнасында көруге болады.

 

Спикер туралы:

Ивайло Изворский – Дүниежүзілік банктің макроэкономика және қарызды талдау жөніндегі жаһандық тәжірибе менеджері. Бұған дейін ол Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша жетекші экономисі болды, сонымен қатар Макроэкономика, сауда және инвестиция бойынша жаһандық тәжірибенің фронт-офисінде жұмыс істеді, оған дейін Орталық Еуропада, Ресейде, Кавказда жұмыс істейтін экономистер үшін тәжірибені басқарды. Изворский Шығыс Азия мен Тынық мұхиты, Еуропа мен Орталық Азия және Африкада Дүниежүзілік банкте, ХВҚ-да және Халықаралық қаржы институтында жұмыс істеді. Изворский “Әртараптандырылған даму: Еуразиядағы табиғи ресурстарды барынша арттыру және ресурстарға бай Африкадағы өсуді қалпына келтіру” еңбегінің авторларының бірі болып табылады. Оның ғылыми қызығушылықтары еңбек өнімділігін арттыру, табиғи ресурстар және фискалдық саясат. Изворский Болгария азаматы және Йель университетінің экономика ғылымдарының магистрі мен докторы дәрежесіне ие.