Эстонияның e-health ақпараттық жүйесі: тәжірибе, сын-қатерлер және перспективалар

333558

Астананың мемлекеттік қызмет саласындағы хабы, «Қоғамдық аудит» ұлттық әріптестік платформасының қауымдастығы» және Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат мектебі «Эстонияның e-health ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Эстония – цифрлық мемлекеттік басқару, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі . 2008 жылы Эстония әлемдегі электрондық медициналық карталар жүйесін толық енгізген алғашқы ел болды. Бұл ретте осындай карталарда бар ақпарат индивидтің туғаннан өлгенге дейінгі медициналық тарихы болып табылады.
2009 жылы Эстония барлық медициналық құжаттарды жүйеге жүктеу үшін денсаулық сақтау ақпаратын алмасу механизмін пайдаланды. Сондықтан осы саладағы Эстонияның тәжірибесі Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін. Семинарды доктор Madis Tiik өткізді, ол Эстония Президентінің кеңесшісі ретінде ehealth ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс тобына қатысты.