Жүректен жүрекке – “Нұрлы жүрек” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
NU GSPP Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Нұрлы жүрек” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 2019 жылдан бастап қолдау көрсетуде. Мектебімізде Орталықтың жас емделушілеріне Жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар беру дәстүрі қалыптасты.
Орталық 1981 жылы Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі – интернат ретінде ашылды. 2005 жылы балалар үйі Астана қаласының «Балалар психоневрологиялық, медициналық, әлеуметтік мекемесі болып атауы өзгертілді». 2006 жылы Орталықта күндізгі бөлім ашылды. Мекемеде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 120 мүгедек-балалар қаралып жүр.
Орталықтың мақсаты – баланың қоғамда бейімделуіне, потенциалды дамуына қолайлы, жан-жақты жағдай жасау. Оның миссиясы – балалардың ойлау және дене бітімінің кемшіліктерін емдеу, қалпына келтіру, түзету.
Биыл NU GSPP қызметкерлері Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығы қарсаңында Орталыққа барып, оны Жаңа жылға безендіру құралдарымен қамтамасыз етті. Біздің кіші-гірім үлесіміз балалардың Жаңа жыл мейрамын сезініп, жақсылыққа сенетініне үміт артамыз. Біз балаларға зор денсаулық пен армандарының орындалуын шын жүректен тілейміз!