Жоғары мемлекеттік саясат мектебі жаңа студенттерді қабыл алды
7 тамызда басталып, виртуалды форматта өтіп жатқан Студенттерге бағдар беру апталығы аясында Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі жаңа студенттерді қабыл алды.
Биыл ЖМСМ-не 78 студент оқуға түсті, оның ішінде мемлекеттік саясат магистратурасы бағдарламасы бойынша 26 студент, мемлекеттік басқару магистратурасы – 41 студент және докторантура бағдарламасы бойынша 11 студент қабылданды. Сонымен қатар, Ауғанстан, Қытай, Мексика, Пәкістан мен Танзания елдерінен 7 шетелдік студент қабылданды.
ЖМСМ деканы Вэнг Тат Хуэй өзінің құттықтау сөзінде: «Сізді мектебімізге атақ үшін немесе дәрежелер жинағын толтыру үшін келмеді деп сенемін. Сіз – біз секілді – дұрыс басқару маңызды деген пікіріңізбен келдіңіз деп шын жүректен үміттенемін», – деді.
Декан, сонымен қатар: «Пандемия кезінде ЖМСМ оқу үрдісін сәтті басқарды, дегенмен бұл үрдіс біз қалаған оқу нәтижелеріне қол жеткізетін тиімді оқу ортасын қамтамасыз ете алмады. Білім беру тәжірибеміз көрсеткендей, жеке қарым-қатынас оқу сапасына зор ықпал етеді. Сол себепті, ЖМСМ алдағы күзгі семестрде дәстүрлі оқуға ауысуды көздейді. Вакцинаның екі кезеңінен толық өткен студенттер университетке шақыртылады. Өздеріңізбен университет қабырғасында жеке кездесуге асыға күтеміз!» – деп аса атап өтті де, мектеп ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін студенттерді тезірек вакцина алуға шақырды.
ЖМСМ – Еуропалық мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) магистрлік бағдарламаларын ресми түрде аккредиттеген Орталық Азиядағы жалғыз мектеп. Дегенмен, Вэнг Тат Хуэй атап өткендей: «Мектеп жетістіктерімен шектелмей, болашақта бағдарламаларын әрі қарай жетілдіруге тырысады».
Бағдар беру апталығы жаңадан келген студенттерге Назарбаев Университеті мен Жоғары мемлекеттік саясат мектебі туралы ақпарат беріп, университет пен мектептің миссиясы, әрі құндылықтарымен таныстырып, бағдарламаның талаптары мен модульдерін түсіндіріп және студенттердің бір-бірімен қатынасу мүмкіндігін жасауға бағытталған.
Мектептің маңызды хабарландыруларын жіберіп алмау үшін, барлық студенттер жаңадан тіркелген НУ электрондық пошталарын үнемі тексеріп отыруға шақырылды.