NU GSPP конференциясы туралы

 

NU GSPP конференциясы – жыл сайынғы іс-шара. Мақсаты қатысушыларға академиялық және кәсіби саяси қоғамдастықтарға жоғары сапалы білім беру мүмкіндіктері мен мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларына бағытталған ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады. NU GSPP конференциясы – бұл ғалымдарға, жас ғалымдарға, практиктерге және зерттеушілерге арналған байланыс алаңы.

2017 жылы Табиғи ресурстарға бай экономиканы тиімді басқару және экономикаларды әртараптандыру тақырыбында NU GSPP алғашқы конференциясы ұйымдастырылды.

2018 жылы Кеңестік кезеңнен кейінгі Еуразиядағы мемлекеттік басқарудың  қазіргі мәселелері тақырыбында екінші өңірлік конференция өтіп, негізінен ТМД, Орталық Азия және Кавказға бағытталды. 

2019 жылы NU GSPP «Тәуекел, ұтымдылық және тұрақтылық» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. 

2020 жылы NU GSPP Орталық азиядағы орнықты даму мақсаттары және COVID-19 сын-қатерлері тақырыбында халықаралық конференция өткізді. 

2021 жылы 15-16 қазанда Мектеп Еуразиядағы саясат өзгерісі және салалық реформалар тақырыбында халықаралық конференция өткізді. 

2022 жылы 7 маусымда NU GSPP Өзгермелі әлемде мемлекеттік саясат және тиімді басқару тақырыбында 6-шы конфереция өткізілді. 

NU GSPP конференциясының ұйымдастыру комитеті

 

Конференцияның төрағасы

Др. Риккардо Пелиззо,

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің зерттеу жөніндегі деканның орынбасары, қауымдастырылған профессоры

  Конференция хатшылығы

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің

Зерттеулер бойынша маманы