ЖМСМ деканының 2020 жылғы түлектерге арналған құттықтау сөзі

ЖМСМ деканының 2020 жылғы түлектерге арналған құттықтау сөзі

Құттықтау сөзінің бейнесіне сілтеме: https://youtu.be/7C2CcXMoNs8

Жоғары мемлекеттік саясат  мектебіндегі барлық әріптестерімнің атынан 2020 жылдың түлектерін шын жүректен құттықтағым келеді. Бір айта кетерлігі бүгін біз тағы бір жаңа рекордты атап өтеміз – биыл өткен жылғы 49 түлекпен салыстырғанда ЖМСМ-нің 56 түлегін құттықтап отырмыз.  Бұл топ «Мемлекеттiк саясат магистрi» бағдарламасының 25 студентінің 6-шы түлектерін және «Мемлекеттiк басқару магистрi» бағдарламасының 31 студентінің 5-ші түлектерін қамтиды. 

Олардың арасында да бірнеше «тұңғыштарымыз» бар:

  • Біздің түлектеріміздің қатарынан басқа елдердің 3 жаңа студентін құттықтаймыз: екеуі Әзірбайжаннан және  біреуі Ауғанстаннан.  
  • Біздің түлектеріміздің қатарында  2017 жылы қарашада басталған NUZYP алғашқы бағдарламасынан өткендер де бар.  
  • Біздің екі MPA түлегіміз Тілектес Адамбеков және Жүсіп Жұмағұлов 2019 жылдың желтоқсанында беделді Президенттің жастар кадрлық резервіне таңдалды.
  • MPP 4 студенті Қытайдың Жэньминь университетінің және Корей даму институты мектебінің студенттермен алмасу семестрлік бағдарламаларына қатысты.  

Біз бұрын-соңды болып көрмеген уақытта өмір сүрудеміз, біз жаңалықтарда күн сайын дерлік қайталанылатын осы сөздерді естіп-тыңдаудамыз.  Көпшілігіміз соңғы 3 айда болған оқиғаларды біздің өмірімізде орын алады деп түсінде де ойламаған шығар. Технологиялық инновациялардың салдарынан сілкіністер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз деген сөздер жиі айтылғанына қарамастан, біздің айналамыздағы өмірдің бұзылу және өзгеру жылдамдығы бізді таң қалдырды. 

Бүгінгі таңда сіздер студенттен Назарбаев Университеті ЖМСМ түлегіне дейінгі өмірлік мәртебелеріңіздің өзгеруінің кезекті табалдырығында тұрған кезде, коронавирус пандемиясының қайнап тұрған шағында, не болғаны туралы ойға берілетін және алдағы жаңа өмірде тосып тұрған қатерлерге төтеп беруге өздеріңіздің қалай дайындалу керек екендігі туралы ой елегінен өткізетін кезең басталды. 

Дат философы Сорен Кьеркегор “Өмірді кері бағытта ғана түсінуге болады, алайда оны алға қарай жүріп өту керек,”- деп дұрыс айтқан. Кейінге көз салсақ, коронавирус пандемиясынан біз қазірдің өзінде қандай сабақ алдық?  Мен өз басым қорытындыға келген ең кем дегенде 3 сабақ бар:

  • Пейілдің кеңдігін тәрбиелеңдер – біз өмірімізде солай болуы тиіс деп қабылдаған нәрселер өте көп. Мен үшін де және көптеген адамдар үшін де вирус жұққан болуы немесе тиісінше дизенфекцияланбағаны үшін, әлденеденеге қол тигізуден тайсақтап немесе қорқып, қолды әрдайым жуып тұру қажеттілігімен байланысты өзіңнің бетіңе қолыңды тигізу еркіндігін аңсап, жұрттың алдында маска арқылы тыныс алу қолайсыздығына шыдау керек болған алғашқы жағдай болды. Біз саябақта қыдыру, самал желге бетіңді төсеп жүгіру, ұнататын мейрамханаларымызда тамақтануды немесе жақсы көретін сауда орталығында сауда жасайтын қуаныш пен қолайлы сәттерге қайтып оралуды аңсаймыз. Бұрын, бір кездері біздің құқымыз немесе норма болып саналғандар, енді бізге пайдалану мүмкіндігін бергені үшін шын пейілден ризашылығымызды білдіретін артықшылыққа айналды.
  • Басымдықтар өмірдегі мәні аса зор нәрселерге қарай тура өзгерді. Оқшаулау – бізді жалғыз қалуға немесе кейбір адамдармен айырылыса алмайтын ортада ыңғайсыз жағдайда бірге орналасуға мәжбүрледі. Біз өмірдің мәні мен мағынасының отбасымызбен, достарымызбен және әріптесерімізбен берік әрі үйлесімді тұрғыдан алып қарағанда арта түсетіндігін түсінеміз. Енді бізді қолдап отыратын және өмірімізде маңызды қарым-қатынастарға үлес қосудың, құрудың, қолдау мен ардақтаудың қаншалықты маңызды екендігін көріп отырмыз. Өзіміздің қимыл-қозғалысымызда қатаң шектелгендіктен біз қарым-қатынастардың қаншалықты маңызды екендігін ғана емес, сондай-ақ біз бақытты да риза болып өмір сүру үшін басқа нәрселерге мұқтаждығымыздың қаншалықты аз екендігін түсінеміз. Көптеген жағдайларда, біз қажеттіліктен тыс барынша күрделене және қиындай түскен біздің өміріміздің көптеген тұстарын шынында да оңайлата аламыз.
  • Елеулі маңызы бар, алайда жете бағаланбаған еңбекті бағалаңыз. Біз экономикамыздың және өміріміздің дұрыс жұмыс істеуі үшін шешуші үлес қосатындардың жұмысы туралы түсінігімізді өзгерттік және қайта қарастырдық.  Олар біздің күнделікті өміріміз үшін барынша қажетті және маңызды медицина қызметкерлері, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкелер, курьерлер, санитарлар мен тазалаушылар. Тағы да бір маңызды топ – бұл құзыретті мемлекеттік саясаткерлер мен көшбасшылар.  Осы пандемия дағдарысы сөздің нақты мағынасында, өмір мен өлім арасындағы айырмашылықты айқындап тиімді де адал басқарудың маңызы бар екенін біздің есімізге салды.   

Ал онда ЖМСМ түлегі одан әрі қалай өмір сүруі тиіс?  Осы арада менің ойыма қабылдауымыз керек болатын өмірлік 3 ұстаным келіп отыр:

  • Дайын болу – дайын болыңдар және болашаққа дайындалыңдар. Білім алу режимінде жалғастырыңдар, адамдарға инвестиция салыңдар, жылдам және әсерлі ден қою үшін дұрыс дағдылармен қаруланыңдар. Тұтқиылдан келетін жағдайларға дайын болыңдар.  Сіздер қадам басатын еңбек нарығы ең таңдаулы болмауы мүмкін. Іздеңдер және өзіңнің  болашақта үлкен үлес қосу  жолында жақсартудың әр мүмкіндігін білуді бағалаңдар.  
  • Сенім – бір біріңе және біздің байланысымыз бен өзара байланысымызға мұқият болыңдар.  Бәрінің де мәні мен мағынасы бар – микро-шоғырланған өмірде тұрмыс кешу үшін ешкім басқаларды қатерге ұшыратуы тиіс емес. Сіздің іс-қимылыңыздың басқаларға да әсері бар, өйткені олардың жауап әрекеті сізге де әсер етеді.   Біз дұрыс әрекеттерді біліп және жасап қана қоймай, сонымен бір уақытта басқаларды да тап осылай жасауға көмектесуіміз және үйретуіміз керек. Тіпті үкіметтер пандемия дағдарысына ден қоюдың жалпымемлекеттік шараларының маңыздылығын түсінуіне орай, жеке адам проблемаларды шешудің жаңа нормасында ұжымдық жалпы әлеуметтік перспектива қабылдауы тиіс.  Біз проблемаларға біздің көзқарасымыздың жеке дара және есепке құрылуына жол бере алмаймыз.  Шешімдер міндетті түрде ұжымдық сипатта болуы тиіс.
  • Орнықтылық – біздің экономикалық және физикалық тіршілік етуіміз тиімділік пен нәтижелілікке ғана байланысты болып қоймайды.  Біз ақылға қонымды пайымдауларға, сенімді деректер мен дәлелдерге негізделген біздің жауап шараларымыз бен іс-қимылдарымыздың көмегімен орнықтылық жасауға тиістіміз.  Табысқа жету үшін дұрыс құндылықтарға негізделген мақсаттар бірлігі қажет. Проблемаларды айқындау, терең себептерді талдау, адамдардың әл-ауқаты мен өмірі туралы бірінші кезектегі қамқорлықпен шартты байланыстағы тиісті мәмілелер мен дәлелерді есепке ала отырып шешімдер қабылдау үшін дұрыс негіздерді пайдалану. Міне жақсы мемлекеттік саясаттың мәні осында.

Өздеріңіздің артықшылығы бар ерекше топ екендеріңізді естен шығармаңыздар. Сіздердің ЖМСМ-де болған уақытыңыз сіздерге болашақтағы белгісіздіктер мен проблемаларды жақсы еңсеру үшін  дағдылардың жақсы жиынын, сондай-ақ ойлау амалын берді.  Сондай-ақ әрбір қатердің өзімен бірге жаңа мүмкіндіктер әкелетінін есте ұстаңдар. Біз Қазақстан халқының маңызды символы болып табылатын қыран бүркіттен үйренуімізге болады.  Қырандарды қадағалау қырандардың дауылды ұнататынын  көрсетеді. Қыран биікке көтерілу үшін қарсы соққан күшті желді пайдаланады. Ол дауылды желді тапқан кезде сырғи самғап қанаттарына тыным беріп, бұлттардан жоғары көтерілу үшін буырқанған дауылды пайдаланады.

Сіздерге шырқау биікке көтерілу үшін коронавирус жағдайының дауылын пайдалануларыңа болады. Табыскер адамдар қиындықтан қорықпайды, олар оны бағалай біледі және пайдаланады. Егер сіздер өмірдің жазық даласымен жылжитын болсаңыздар, осы жазық даланы меңгеруді үйреніңіздер, сіздер таудың шыңына қол жеткізгеніңізде, сол даланың барынша өнімді де жемісті болуы үшін.  

Сондықтан бәріңізге арналған шын жүректі тілегіміз сіздер оқуды аяқтап жаңа өмірге қадам басқанда – кең пейілді болуды жалғастыра беріңіздер, басты нәрселерге көңіл бөліп, басқаларды бағалап, оларды есте сақтаңыздар,    сенімді болып және  мақсаттарыңызды тауып өмірде табысқа қол жеткізу үшін қиындықтармен бетпе-бет келгенде қырандай самғауға дайын болуларыңызға тілектеспіз.