Жібек Джазыкбаева, MPP 2 курс студенті: «Алмасу бағдарламасы арқасында шетелде мен үшін көптеген мүмкіндіктердің бар екенін түсіндім. Бұл тәжірибе ой-өрісімді біраз кеңейтті»
Жақында біз Кореяның KDI мемлекеттік саясат және менеджмент мектебінде алмасу бағдарламасы бойынша білім алған MPP 2 курс студенті Темірлан Нұрмолдаев туралы жазған болатынбыз. Бүгін біз Жібек Джазыкбаеваның оқудан алған әсерімен бөліскіміз келеді.
«Мен KDI мемлекеттік саясат және менеджмент мектебінде алмасу бағдарламасына қатысуға шақыру алғанымда қатты қуандым. Бағдарламаға қатысу үшін студенттер арасында мұқият іріктеу жүргізілді. Біздің оқуымыз басында онлайн форматта өтті, кейіннен гибридті форматқа көшті. Алайда бұл білім сапасына әсер еткен жоқ. Кореядағы университет онлайн студенттер үшін де, сыныпта отырғандар үшін де бір мезгілде оқуды қамтамасыз ететін тиісті технологиямен жабдықталған. Әртүрлі презентациялар, талқылаулар, келіссөздерді модельдеу оқу үдерісіне оң әсер етті.
Профессорлардың көпшілігінің академиялық тәжірибеден басқа практикалық тәжірибесі де бар екенін ерекше атап өткім келеді. Ғылымға келгенге дейін көбі қазір үйрететін ісімен кәсіби түрде айналысты. Мысалы, Дамудың саяси экономикасы пәнінен сабақ берген профессор бұрын дамушы елдердегі даму мәселелерімен айналысатын ұйымдарда жұмыс істеген. Демек, сабақ беру барысында профессорлар өз білімдерімен ғана емес, жеке жұмыс тәжірибесімен де бөлісті.
Алмасу бағдарламасы арқасында шетелде мен үшін көптеген мүмкіндіктердің бар екенін түсіндім. Бұл тәжірибе ой-өрісімді біраз кеңейтті».