NU GSPP Виртуалды ашық есік күні 2022 жылы 4 ақпанда өтеді

NU GSPP-де жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыздар.

NU GSPP мектебінің құрылғанына он жыл болды. Біз Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдерінен келген 300 түлек үшін альма-матер болғанымызды мақтан тұтамыз. Қазір бізде 200-ге жуық ізденуші дәріс алуда.

Мектеп профессорлары АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Сингапур, Италия, Греция, Оңтүстік Корея, Пәкістан және Қазақстан елдерінен болады.

NU GSPP мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару саласындағы магистратура бағдарламаларын, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласындағы докторантура бағдарламасын ұсынады. Біз сондай-ақ толық оқу ақысын өтейтін мемлекеттік білім беру гранттарын және академиялық үлгерімі жоғары болған жағдайда ай сайынғы стипендияны ұсынамыз. 

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің миссиясы адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқып үйрету болып табылады. Осы мақсатқа жету үш біз саясат пен көшбасшылықтың негізгі мәселелеріне баса назар аудара отырып, оқытудың, зерттеулер жүргізу мен басшы кадрлардың біліктілігін арттырудың жоғары деңгейін ұсынамыз.

Осы құндылықтарымыз сізге жақын болса, 4 ақпан күні сағат 19:30-де өтетін виртуалды ашық есік күніне қосылыңыз.