NU GSPP түлегі Жүсіп Жұмағұлов елордамыздағы Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды

NU GSPP түлегі Жүсіп Жұмағұлов елордамыздағы Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды.

Жүсіп Мектебіміздің MPA бағдарламасын 2020 жылы тәмәмдады. Мемлекеттік қызметке 2015 жылы келіп, бас маман қызметінен Нұрсұлтан қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметіне дейін өсті. 2019 жылы Президенттік жастар кадр резервіне кірді.

Биыл өз сұхбатында Жүсіп «Бүгінгі таңда қоғамда жаңару талабы айқын қалыптасты, бұл ұлттың қалыптасуының табиғи процестерінің нәтижесі. Жоғары мемлекеттік саясат мектебі осы процестердің бөлігі болып қана қоймай, оларға әсер ету мүмкіндігін береді. Бұл жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге ашық дарынды және шығармашыл жастардың шоғырланған орны», – деп атап кеткен болатын.

Мектебіміздің түлегі Жүсіпті шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Жақсы басқару маңызды.