NU GSPP «Наурыз мейрамы – 2022» мерекесіне қатысты
2022 жылдың 6 мамырында NU GSPP профессорлары мен қызметкерлері Назарбаев Университетінде өткен «Наурыз мейрамы – 2022» мерекесі аясында қазақтың әдет-ғұрыптарын көрсету сайысына қатысты.
Университеттің әр мектебі қазақтың бір дәстүрін көрсетті. Мектебіміз қалыңдық пен күйеу жігіт ата-аналарының танысу – «Сырға салу» дәстүрін ұсынды.
Екі жақтың «Бас Құда» рөлдерін Колин Нокс пен Риккардо Пелиццо профессорлары орындады. Ата-ана рөлінде Дина Шарипова, Хесонг Ха және Артан Карини профессорлары шықты. Жүргізуші қызметін профессор Серік Оразғалиев атқарды. Мектеп қызметкерлері қалыңдық, күйеу жігіт және олардың туыстарының рөлдеріне тартылды. Бұл ғұрып НУ қауымын қазақтың жаңа отбасының құрылу үдерісімен таныстырды.
Мұндай іс-шаралар NU GSPP халықаралық қауымдастығын біріктірудің және қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімді насихаттаудың бірден-бір жолы болып табылады. Сонымен қатар, Наурыз мейрамын тойлау ұзақ қыстан кейін Нұр-Сұлтандағы алғашқы жылы күндерді тамашалауға және ұзақ карантиннен кейін адамдардың бір-бірімен қатынасуға мүмкіндігін берді.
NU GSPP баршаңызға бейбітшілік пен өркендеу тілейді! Наурыз құтты болсын!