МСМ СТУДЕНТТЕРІ ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРМАҒАМБЕТ БӨЛЕКПАЕВТЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ

333558

МСМ студенттері 2018 ж. 25 қаңтарда Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қала тұрғындарымен кездесуінде болды. Есіл ауданының әкімі әртүрлі: қоғамдық көлік, тұрғын үй, бала бақшалар, мектеп, клиникалар құрылысы сияқты салалардағы атқарылған жұмыстар мен оң өзгерістер туралы әңгімеледі. Көшелерге жарық беру туралы да айтып өтті. Әкім, сондай-ақ болашақтағы жоспарларымен де бөлісті .

«Есіл» ауданының тұрғындары қоғамдық көліктің және аялдамалардың жеткіліксіз екендігі туралы мәселе қозғады. Тиумфалдық арка ауданында тұратын әйел мектеп оқушыларының оқу орындары мен спорт кешендеріне баруларына ыңғайлы болу үшін жаңа аялдама орнату мәселесін шешуді сұрады. Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселенің аудан үшін өзекті екендігін атап көрсетті. Ол биыл ауданда 65 автобус аяалдамасын орнату жоспарланғанын хабарлады.
Студенттердің бұл сапары профессор Салтанат Жаненованың «Мемлекеттік менеджмент және көшбасшылық» модулі шеңберінде ұйымдастырылды.