Мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» мәселелері бойынша семинар өткізді.

333558

2017 жылы 8-9 маусымда Мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинарда ЖМСМ профессоры Фуа Кай Хон және Назарбаев Университеті Медицина мектебінің профессоры Байрон Крейп таныстырылымдар өткізді (Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасы).

Семинарға қатысушылар Қазақстанда денсаулық сақтау саласының реформасын талқылады; денсаулық сақтаудың салыстырмалы жүйелерін: сақтандыру моделдерін; қаржылық менджментті; денсаулық сақтауды қаржыландыру және медицина ұйымдарына төлем әдістерін; медициналық технологияларды экономикалық бағалау және салауатты өмір салтын ілгерілетуді талқылады.

Семинарға бүкіл Қазақстаннан келген ауруханалардың және денсаулық сақтау департаменттерінің басшы қызметкерлерін қоса алғанда, 26 адам қатысты.