Магистратура және PhD бағдарламаларына үміткерлерге арналған қосымша ақпарат!

COVID-19 коронавирустық инфекциясы пандемиясының нәтижесінде күтпеген жағдайларға және тестілеу орталықтарының уақытша жабылуына байланысты, Назарбаев Университеті 2020-2021 оқу жылына арналған конкурс аясында жоғары оқу орнынан кейінгі Университет бағдарламаларына түсу үшін  IELTS / TOEFL тест нәтижелерін уақытылы тапсыру мүмкіндігінен тыс үміткерлер 2020 жылғы 16 наурыздан 10 маусымға дейін өткізілген Duolingo English Test емтиханының нәтижелерін қабылдайтынын хабарлайды.

Duolingo English Test емтиханының ең төменгі баллы 105 (талапқа сай ең төменгі балл  IELTS 6.5 / TOEFL 79 болса) немесе 115 (талапқа сай ең төменгі балл IELTS 7.0 / TOEFL 94 болса) болу қажет. 80-нен 100-ге дейінгі балл жинаған үміткерлер Назарбаев Университетінің магистратура бағдарламаларына дайындық жылы бағдарламасы (NUZYP)  бойынша іріктеуге қатыса алады.

2020 жылғы 10 маусымға дейін өткізілген Duolingo English Test емтиханының нәтижелерін қабылдау керек.

Назарбаев Университеті DET сайтындағы халықаралық серіктестер тізіміне енгізілген. Нәтижелерді тікелей университетке жіберу үшін Назарбаев Университетін тест нәтижесінің жанындағы «Нәтижелерді жіберу» басқышын таңдау керек.

Duolingo English Test туралы ақпарат: