Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде мәдениет кеші өтті
Екі жылдық карантиндік шектеулерден кейін ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде NU GSPP стратегиялық серіктесі Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі «Бірге қайтадан» атты мәдениет кешін өткізді. Іс-шараны LKYSPP студенттері ұйымдастырды және ол сингапурлық қауымдастықтың алуан түрлілігін көрсетті. Іс-шараға қатысушылар тақырыптық стендтер ұйымдастырып, ұлттық тағам, ойындар мен ұлттық киімдер арқылы түрлі елдердің мәдени мұрасымен таныстырды.
Бұл шараға MPP бағдарламасының студенттері – Меруерт Адылғазина, Мөлдір Әтенова және Лаура Майтанова қатысты. Олар Өзбекстан және Қырғызстан студенттерімен бірге Орталық Азия стендінде Қазақстанды таныстырды. Сол күні кеште студенттер мәдени қойылымдар, билер мен әндер арқылы өз өнерлерін көрсетті. Меруерт атақты «Адай» күйін орындады. «Көрермендер мені ду қол шапалақтап қарсы алды. Осындай жылы лебіз оқу жылының ұмытылмас бастамасы болды», – деп ойымен бөлісті ол.