Galym-Galam: Колин Нокс, NU GSPP деканының орынбасары

“Galym-Galam” айдарының келесі қонағы — Колин Нокс, NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры және академиялық мәселелер жөніндегі деканының орынбасары. Назарбаев Университетіне келгенге дейін доктор Нокс Ольстер университетінде жұмыс істеп, магистранттарға мемлекеттік басқару пәндерінен сабақ берді. Ол мемлекеттік секторда жұмыс істейтін жоғары лауазымды тұлғаларға арналған кәсіби докторантура бағдарламасын әзірлеу жобасын басқарды. Ғылым саласына келмес бұрын, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің жергілікті басқару органдарында 8 жыл жұмыс істеді.

 

Біліміңіз бен кәсіби тәжірибеңіз туралы айтып беріңізші

Еңбек жолымды мемлекеттік қызметші ретінде бастадым. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және тұрғын үй құрылысы мәселелері жөніндегі департаменттерде жұмыс істедім. Британдық Расселл университеттерінің тобына жататын Белфаст қаласындағы Квинс университетінде мемлекеттік саясат саласында докторлық дәрежемді алғаннан кейін, мен Ольстер университетіне жұмысқа тұрып, 1995 жылы мені профессор лауазымына көтерді. Мен жоғары білім академиясының (FHEA) және әлеуметтік ғылымдар Академиясының (FAcSS) мүшесімін.

Мен Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне (NU GSPP) 2016 жылы келдім. Әріптестеріммен бірге мемлекеттік саясат саласындағы PhD бағдарламасын әзірледік және Еуропалық мемлекеттік басқару бойынша аккредиттеу қауымдастығында (EAPAA) NU GSPP магистратура бағдарламаларын аккредиттеуге қол жеткіздік. Қазір біз мемлекеттік саясат және басқару саласындағы магистрлік бағдарламаларды аккредиттеу бойынша танымал көшбасшы болып табылатын NASPAA жаһандық қауымдастығына аккредиттеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

 

Қазіргі зерттеу жобаңыз туралы айтып бере аласыз ба?

Мен бірнеше зерттеу жобаларына қатысамын.  Негізінде халықаралық аренада мемлекеттік секторды реформалау саласы жөнінде және Қазақстан мен Орталық Азия олардан қандай сабақ алатыны туралы зерттеулер жүргіземін. Атап айтқанда, бұл мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына және тиімді басқаруға қатысты. Сондай-ақ, Питтсбург Университетінің профессоры Гай Питерспен бірге мен Кембридж университетінің баспасөзінде саясаткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің  АТМӨ-дегі қарым-қатынасына арналған бағанының бірлескен редакторымын. Баған “азиялық бюрократиялардың саяси қамқорлығы” деп аталады, оны шығару 2022 жылдың жазына жоспарланған.

 

Сіздің негізгі зерттеу нәтижелеріңіз қандай?

Менің зерттеуімнің негізгі тұжырымдары – мемлекеттік саясатты жасайтын сайланған саясаткерлер мен оларды жүзеге асыратын тағайындалған шенеуніктердің рөлдерін дәстүрлі түрде ажырату ресми түрде жүзеге асырылуы тиіс. Рөлдерді осылайша нақты бөлу мемлекеттік қызметтерді жақсартуға, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға және азаматтарға бағдарланған мемлекетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл сабақтардың ЭЫДҰ-ға қосылуға және 2050 жылға қарай әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылатын Қазақстанға тікелей қатысы бар. Менің зерттеуіме NU GSPP мемлекеттік басқару бағдарламасы бойынша оқитын магистранттар қатысты. 

Олардың кейбіреулері ҚР әртүрлі министрліктері мен ведомстволарында басшылық лауазымдарды атқарады және олардың мемлекеттік органдардағы жұмыс тәжірибесі зерттеу жүргізуге көмектеседі. Сонымен қатар, “жаңа формация көшбасшылары” бағдарламасы аясында NU GSPP ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, аға басшылар мен саяси қайраткерлер үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізеді. Бұл бағдарлама NU GSPP профессор-оқытушылар құрамына өз зерттеулерінің нәтижелерін тікелей басқарушылармен бөлісуге және олардың практикалық тәжірибесі туралы бірінші ауыздан білуге мүмкіндік береді.

 

Неліктен НУ-да қызмет қыламын деп шешім қабылдадыңыз?

Мен Қазақстанда бірнеше жыл бұрынғы университетімде ғылыми жобалар бойынша жұмыс істегеннен кейін НУ-ға қосылуға шешім қабылдадым. Бұл жобаларды Дүниежүзілік банк, Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігі (DFID), Еуропалық Одақ және БҰҰДБ қаржыландырды. Жобалармен жұмыс істеу менің Орталық Азиядағы мемлекеттік секторды реформалауға деген қызығушылығымды оятты.Осы жұмыстың аясында мен Астана қаласындағы мемлекеттік қызметшілерге GSPP-дегі бұрынғы әріптесім  доктор Салтанат Джаненовамен бірге біліктілікті арттыру курстарын өткіздім.

 Сондықтан NU GSPP-де жұмыс орны ашылғанда, мен осы жерден бастауды дұрыс деп санадым.Біздің Мектебіміз Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебімен стратегиялық серіктестікте жұмыс атқарады, оның профессорлық-оқытушылық құрамы халықаралық деңгейде танылған. 

Жалпы мемлекеттік саясаттың пәні, оның ішінде  NU GSPP экономика, саясаттану, мемлекеттік саясат, құқық және мемлекеттік басқару салаларындағы мамандарды дайындайды. Бұл жерде маған бұрын Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің аға ғылыми қызметкері болған Дин Вэн Тат Хуэйдің жетекшілігімен көптеген көрнекті ғалымдармен жұмыс істеу мәртебесі берілді.

 

Болашақ жоспарларыңыз қандай?

Жақын арада біз NASPAA аккредитациясын алуды жоспарлап отырмыз, сонымен бірге бар еуропалық аккредитацияға сүйене отырып және Назарбаев Университетінің халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуі тиіс тауашалық салалардағы Мектептің зерттеу профилін одан әрі нығайту. Сондай-ақ, біз Орталық Азияда да, өңірден тыс жерлерде де мемлекеттік секторды оқып үйренушілер үшін жетекші мектеп болуға ниеттіміз. Бізде шетелдік студенттер оқиды және біз олардың санын көбейтуге ниеттіміз. Онлайн оқыту біздің аудиториямызды Нұр-Сұлтаннан тысқары жерлерге де кеңейтуге және елдің басқа аймақтарындағы, сондай-ақ Орталық Азиядағы мемлекеттік қызметшілерді қамтуға мүмкіндіктер ашты.

 

Дереккөз: Nazarbayev University