Enterprise Singapore  төрағасы  Питер Онг Бун Кви Қазақстанға келді

333558

2019 жылдың 24-27 маусымында Enterprise Singapore төрағасы, Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп министрлігінің аға экономикалық кеңесшісі Питер Онг Бон Кви Қазақстанда болды. Сапар барысында Питер Онг Бун Кви мемлекеттік шенеуніктермен кездесті, MPA студенттері үшін лекция оқыды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметтің болашаққа дайындығы мен стратегиялық жоспарлау, әртараптандыру және тұрақты экономикалық өсу мәселелері бойынша семинарлар өткізді.

Сапар шеңберінде Питер Онг Бун Кви Мемлекеттік қызметтің Астана хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовпен кездесті. Тараптар мемлекеттік қызметті дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін және ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.