ДР. Нур Сиддикимен NU GSPP ВЕБИНАРЫ: «Мемлекеттік басқарудағы инновациялар және қызмет көрсету реформасы: Малайзия тәжірибесі»
ШОЛУ
Мемлекеттік басқару реформалары барлық жерде кездеседі. Дегенмен, табысты реформалардың әсіресе дамушы елдердегі мысалдары аз. Бұл баяндама Малайзиядағы салыстырмалы түрде сәтті реформа бағдарламасына, атап айтқанда 2009 жылы енгізілген Ұлттық көгілдір мұхит стратегиясына (NBOS) арналған. Бұл стратегия жеке сектордың инновациялық моделіне сүйене отырып, NBOS ресурстар мен қызметтердің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін бюрократиялық кедергілерді еңсеруге мақсат тартқан болатын.
Баяндамашы реформа үлгісінің бірегейлігіне тоқталып, оның тиімділігіне баға беріп, сабақтары мен нәтижелеріне тоқталады.
СПИКЕР ТУРАЛЫ
Доктор Сиддик қазіргі уақытта Флиндерс универститетінің мемлекеттік басқару және оқыту бағдарламасының директоры, Бизнес, үкімет және құқық колледжінің қауымдастырылған профессоры.
Оның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бірқатар мекемелерде 30 жыл бойы оқыту, ғылыми-зерттеу және академиялық басқару саласында үлкен тәжірибесі бар. Ол 2006 жылы Флиндерс университетіне келгенге дейін Дакка университетінде, Халықаралық ислам университетінде, Малайзияда және Бруней-Даруссалам университетінде 15 жылдан астам мемлекеттік басқару, саясат және басқару пәндерінен сабақ берді.
Доктор Сиддикидің зерттеулері мемлекеттік секторды басқаруға және дамушы елдердегі өзгерістерге, қазіргі реформалардың басқару мәселелріне арналған.
ІС-ШАРАНЫҢ ӨТКІЗУ КҮНІ МЕН ОРНЫ
- Zoom Webinar
- 16 наурыз, 2022
- 12:15 (Нұр-Сұлтан уақытымен)