Доктор Стефанос Ксенариос «Орталық Азиядағы су ресурстары және су қауіпсіздігі» сессиясы барысында негізгі баяндамамен сөз сөйлейді
Доктор Стефанос Ксенариос ү.ж. 24 ақпанда өтетін «Орталық Азиядағы су ресурстары және су қауіпсіздігі» сессиясы барысында негізгі баяндамамен сөз сөйлейді. Сессия «Білімнің Жібек жолы: ғылым мен жасыл саясаттың тоғысуы» конференциясы аясында өтеді.
Сессия Орталық Азиядағы су ресурстары мен су қауіпсіздігіне арналған. Оның барысында климаттың су ресурстарының қолжетімділігіне әсері, өзгермелі климат жағдайында су, азық-түлік және энергия арасындағы қатынасты ескере отырып су ресурстарын басқару мәселелері, климаттың өзгеруіне бейімделу және Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару және т.б тақырыптар қарастырылады.
Сессия теория мен практика арасындағы алшақтықты жою үшін ғалымдар мен шешім қабылдаушылардың басын қосады. Конференцияны ұйымдастырушылар Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын басқару стратегияларын жақсарту үшін заманауи инновациялық шешімдер мен ғылыми нәтижелерді ұсынуға ұмтылады. Сессияның қорытындысы бойынша шешім қабылдайтын тұлғаларға су ресурстары және су қауіпсіздігігнің мәселелерінің шешімдері туралы ұсыныстар жіберіледі деп күтілуде.
Доктор Ксенариос Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.
Оның баяндамасын көру үшін 24 ақпанда сағат 14:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) келесі сілтеме арқылы өтіңіз.