Доктор Рикардо Пелиццо: «Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны Сингапурдан асып түсті»

НУ ЖМСМ қауымдастырылған профессоры және зерттеу жөніндегі вице-деканы Риккардо Пелиццо 29-30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық форумға қатысты. «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер және келешегі» атты халықаралық форумды «Нұр Отан» Қоғамдық саясат институты ұйымдастырды. 15 елден келген спикерлер Қазақстандағы саяси партиялар жүйесі мен билеуші ​ «Нұр Отан» партиясының жетістіктері туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Форум барысында доктор Риккардо Пелиццо соңғы жылдардағы посткеңестік кеңістікті зерттеу жұмыстары Орталық Азия елдерінің, әсіресе Қазақстанның экономикалық жетістіктері саяси тұрақтылықтың арқасында ғана мүмкін болғанын дәлелдеп отырғанын атап өтті. «Қазақстан тарихына қарасақ, тәуелсіздіктің 30 жылында елдің экономикалық өсімі Сингапурдың табыстарынан асып түсті. Мысалы, Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 1991 жылы шамамен 1000 АҚШ долларын құраса, 2013 жылы 13 000 АҚШ доллардан асады. Соңғы 100 жылда бірде-бір ел, тіпті Сингапурдың өзі де бұған қол жеткізе алмады», – деді сарапшы.

Баяндамашы партиялық жүйенің елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі шешуші рөліне тоқталды. «Тәуелсіздік жылдарында «Нұр Отан» 1990 жылдардан бері партиялық жүйедегі өкілеттіктерді біріктіріп, бытыраңқылықты азайта алды. Жалпы, бытыраңқылықтың жоғары деңгейі саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне қауіп төндіреді, мемлекеттік басқару сапасын төмендетеді, парламенттің жақсы заңдарды қабылдау қабілетін төмендетеді және үкіметтің тұрақтылығына нұқсан келтіруі мүмкін. Нәтижесінде партиялық жүйенің жоғары деңгейде бытыраңқы болуы конституциялық құрылыстың бұзылуына әкелуі мүмкін», – деді Риккардо Пелиццо.

Ақпарат көзі: Liter