Доктор Рано Тураевамен кітап тұсаукесері: «Ресей, Орталық Азия және Шығыс Еуропадағы жұмыс, ұтқырлық және бейресми тәжірибелер»

 

ШОЛУ

«Ресей, Орталық Азия және Шығыс Еуропадағы жұмыс, ұтқырлық және бейресми тәжірибелер. Трансұлттық кеңістіктегі билік, институттар және мобильді субъектілер» кітабы өз мемлекеттерінен ауған адамдардың күнделікті өмір сүруін зерттеу нәтижелерін ұсынады. Кітап жұмыс күшінің ұтқырлығы мен бейресми жұмыспен қамту арасындағы байланысты қарастырады және постсоциалистік елдер туралы мәліметтерді қамтиды. Басылым экономикалық және әлеуметтік қызметті реттейтін ережелер жиі белгісіз және өзгермелі болатын ортада сенім, трансұлттық желілер мен цифрлық технологиялардың жұмысшылар үшін маңыздылығын атап өтеді.

 

СПИКЕР ТУРАЛЫ

Доктор Рано Тураева Людвиг Максимилиан университетінің PhD кандидаты және Германиядағы Галле Саалдегі Макс Планк атындағы Әлеуметтік антропология институтының ғылыми қызметкері. Қазір Ресейдегі көші-қон және ислам туралы екінші кітабын жазып жатыр. 2021 жылы Рустамжон Уринбоевпен бірге «Ресей, Орталық Азия және Шығыс Еуропадағы жұмыс, ұтқырлық және бейресми тәжірибелер. Трансұлттық кеңістіктегі билік, институттар және мобильді субъектілер» кітабын шығарды. Тураева Inner Asia, Communist and Post-Communist Studies, Sociology of Islam, Central Asian Affairs, Review of Central Asia және т.б. журналдарында көші-қон, кәсіпкерлік, бейресми экономика, гендерлік мәселелер, шекаратану, сәйкестілік және ұлтаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша мақалалар жариялады. 2016 жылы «Көші-қон және бірегейлік: өзбек тәжірибесі» атты кітап шығарды.

 

ІС-ШАРАНЫҢ ӨТКІЗУ КҮНІ МЕН ОРНЫ

  • Zoom Webinar
  • 3 мамыр, 2022
  • 17:45 (Нұр-Сұлтан уақытымен)

 

Вебинардың толық бейнесін осы жерден көруге болады: