МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МАГИСТРІ
Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) – мемлекеттік басқару саласында сапалы білім алуға ұмтылатын мамандарға арналған 18 айлық күндізгі бағдарлама.
MPА бағдарламасының миссиясы – орта/жоғары буынның практик мамандарына алған білімдерін жұмыс тәжірибесінде одан әрі қолдану және Қазақстан мен Орталық Азияда басқару деңгейін арттыру үшін академиялық және кәсіптік білім беру болып табылады.
MPA бағдарламасы бойынша сабақ кестесі оқуды жеке және / немесе кәсіби міндеттермен үйлестіруге мүмкіндік беретін кешкі / демалыс оқу форматын білдіреді.
MPА бағдарламасы бойынша мансаптық перспективаларды жақсарту үшін 4 бағыттың (экономикалық саясат, халықаралық саяси экономия, мемлекеттік басқару немесе тұрақты даму) біреуі бойынша мамандануды таңдауға болады.
Оқыту нәтижелері
Бағдарламаны табысты аяқтаған жағдайда түлектер мыналарды меңгереді:
- қоғам мүддесі үшін жетекшілік ету және басқару;
- саяси процеске қатысу және оған өз үлесін қосу;
- күрделі және динамикалық жағдайда талдау, жинақтау, сыни тұрғыдан ойлау, мәселелерді шешу және негізделген шешімдер қабылдау;
- мемлекеттік қызмет тұжырымдамасын қалыптастыру, қолдану және ілгерілету;
- әр түрлі және өзгермелі жұмыс күшімен және тұтастай алғанда қоғаммен өнімді және мәдени қарым-қатынас жасау және нәтижелі әрекеттесу.
Кәсіби құзіреттілік: сонымен қатар, бағдарлама студенттердің өз білімдерін қолданып үйренетіндігіне кепілдік береді, мысалы, эмпирикалық жаттығулар және және қоғамдық, әкімшілік және саяси мамандықтар мен секторлардағы көптеген мамандармен өзара іс-қимыл арқылы қолдану.
Аккредиттелген мәртебе
Мемлекеттік басқару магистрі бағдарламасы Еуропалық мемлекеттік басқаруды аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) және Мемлекеттік саясат, істер және әкімшілік мектептер желісі (NASPAA) аккредитациясынан өткен.
Квалификация
Академиялық бағдарламаны аяқтағаннан кейін студенттерге мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі беріледі.
Қолданылатын оқыту және оқу әдістері: дәрістер, семинарлар, практикалық жаттығулар, аралас сыныптар, аралас оқыту, зертханалар, жеке және командалық жобалар, өздігінен оқыту, сапарлар (шетелдіктерді қоса алғанда), модельдеу, кейстерді талдау, басқа әдістер.
Бағалау әдістері: емтихандар, курстық жұмыстар, эссе, презентациялар, қорытынды жобалар, кейстер, рефлексиялық жаттығулар, портфолио, тесттер, пікірталас, рөлдік ойындар, аудио/бейне шығару, өзара бағалау және өзін-өзі бағалау, басқа әдістер.
Бағдарламаны аяқтау үшін қойылатын талаптар
Прогресс
Бағдарлама бойынша оқуды жалғастыру үшін студенттердің әр бағаланатын кезең аяқталғаннан кейін мыналарға сәйкес жақсы академиялық үлгерімі болуы тиіс:
- жақсы академиялық үлгерім үшін ең төменгі CGPA – ≥ 2,67; және
- Шетелдік компоненті бар магистрлік жобаның іске асыру кезеңдерін уақтылы аяқтау.
Аяқтау
Бағдарламаны сәтті аяқтау студенттен бірқатар жеке кезеңдерден өтуді талап етеді, олардың әрқайсысы түйінді бағалау сәтімен сипатталады. Қажетті кезеңдер:
- Бағдарламаның барлық негізгі және қосымша модульдерін сәтті аяқтау;
- Шетелдік компоненті бар магистрлік жобаны аяқтау және сәтті қорғау.
Бағдарламаның құрылымы негізгі мынадай компоненттерді қамтиды:
- Таныстыру аптасы. Бұл MPА бағдарламасының бірінші аптасы. Мақсаты – студенттерді бағдарламаға дайындау және олардың топтастар ретінде бір-бірінің арасында қарым-қатынас орнату. Таныстыру аптасына келмес бұрын студенттер барлық қажетті құжаттарды тапсырып, алдын-ала тапсырылған жұмысты орындауы керек.
- Негізгі (міндетті) курстар – барлық МРА студенттері бағдарлама аясында өтуі тиіс курстар.
- Факультативті (элективті) курстар – MPА бағдарламасының барлық студенттері балама курстар арасынан таңдау жасайтын курстар. Факультативті курстар өзгеруі мүмкін, себебі олар студенттердің мүддесі/қалауына, оқытушы-профессорлар құрамының болуына және бағдарламаны жүзеге асыру жоспарына негізделген.
- Шетелдік компоненті бар магистрлік жоба
Магистрлік жоба 12 ECTS кредитіне бағаланады. Бұл MPA бағдарламасы бойынша студенттерге арналған соңғы талап. Ол мемлекеттік саясат немесе басқару саласындағы практикалық жұмыс түрінде ұсынылуы мүмкін. Екі жағдайда да студенттерден MPA бағдарламасы барысында алынған тиісті білім мен дағдыларды қолдана жасалған жұмыс күтілуде. Соның ішінде: мәселені анықтау және талдау, деректерді ұйымдастыру, нақты ұсыныстар мен іс-әрекеттерді әзірлеу және өз тұжырымдарын көпшілік алдында қорғау дағдылары бар. Магистрлік жоба – бұл студенттерге оқу аудиториясы жағдайынан тыс, өз қалауы бойынша саяси мәселесіне назар аудару мүмкіндігі. Магистрлік жоба Қазақстан немесе Орталық Азия контекстінде мемлекеттік саясат мәселесін анықтауды, оны теориялық немесе эмпирикалық тұрғыдан талдауды, ал егер практикалық жаттығу ретінде жүзеге асырылса, саяси ұсыныстар мен іске асырудың нақты жоспарын әзірлеуді қамтиды.
Шетелдік компонент (қазіргі уақытта Сингапурде), әдетте, бірінші оқу жылының соңында (жазғы семестр) өтеді, студенттер дәрістер мен оқу сапарларға шығу арқылы ұзақ мерзімді қала жоспары және оны экономикалық дамыту туралы сингапурлық тәсілдермен танысады, олар алған сабақтары туралы және оларды Қазақстан жағдайында пайдалануға немесе бейімдеуге болатындығы туралы түйіндейді. Бұл, әсіресе, өзінің магистрлік жобасымен жұмыс істейтін студенттер үшін пайдалы болуы мүмкін.
Оқуды қаржыландыру түрлері
МРA бағдарламасына оқуға қабылдау меритократия негізінде іске асырылады. Гранттардың барлық түрлерін тағайындау конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Біз келесі қаржыландыру түрлерін ұсынамыз:
- Мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландыру: Үкімет қаржыландыратын Назарбаев Университетінің білім гранты (Мемлекеттік стипендия) оқу ақысын және ай сайынғы стипендияны толығымен қамтиды. Назарбаев Университетінің білім беру гранты мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде және/немесе «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында тиісті оқу деңгейі бойынша бірдей дәрежеге ие болған тұлғаларға берілмейді. Сондай-ақ, бұл грант бұрын Назарбаев Университетінде оқыған және тәртіптік себептермен оқудан шығарылған талапкерлерге берілмейді. Гранттар саны жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметі жарғысымен бекітіледі.
- «Абай Құнанбаев» гранты: «Абай Құнанбаев» гранты Абай Құнанбаевтың (1845-1904) — қазақтың ақыны, ағартушы, композитор, философ, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушысының құрметіне аталған. «Абай Құнанбаев» гранты шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға конкурс негізінде тағайындалады. Грант Назарбаев Университетімен қаржыландырылады және оқу ақысын, айлық шәкіртақыны және негізгі медициналық сақтандыруды қамтиды. Гранттар тиісті бағдарлама/мамандық бойынша толық оқу мерзіміне беріледі. Гранттар саны жыл сайын Назарбаев Университетімен бекітіледі.
- Ақылы оқу және жартылай гранттар: ақылы оқуға түсу барлық қабылдау талаптарына сәйкес келетін және қабылдауға ұсынылған үміткерлер үшін қол жетімді. Ақылы оқуға квоталар санын жыл сайын Назарбаев Университеті Мектептердің сыйымдылығын ескере отырып бекітеді. Ақылы негізде оқуға түсуге ұсынылатын студенттердің жекелеген санаттарына оқу құнының 50%-дан 100%-ға дейінгі мөлшерін қамтитын грант (жартылай грант) берілуі мүмкін. Осы санаттар туралы қосымша ақпарат алу үшін осы веб-парақшаны тексеріңіз.