2019 жылы ЖМСМ   27 студенті МРА бағдарламасын және 22 студент  MPP бағдарламасын аяқтады

333558

ЖМСМ түлектерін шын жүректен құттықтаймыз! 2019 жылы ЖМСМ   27 студенті МРА бағдарламасы және 22 студент  MPP бағдарламасын табысты аяқтады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев кешегі студенттерді дипломдарымен құттықтады: «Сіздер университетті еліміз үшін аса маңызды уақытта аяқтап отырсыздар. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикада, әлеуметтік салада, өңірлік саясатта және мемлекеттік қызметте реформалар жүргізуде. Реформаларды сәтті іске асыру үшін бізге мемлекеттік қызметшілердің жаңа буыны қажет. Оқу барысында алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді еліміздің игілігі үшін табысты қолданатындарыңызға сенемін».

Өз кезегінде Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу түлектерді  әрдайым жаңа білімге ұмтылуға және патриот болуға шақырды: «Біздің университет сіздерге қажетті білім мен дағдылар бергеніне қарамастан, оқып-білім алуды жалғастыра беріңіздер! Өздеріңізге жаңа сұрақтар қойыңыздар. Жалақы маңызды, алайда басқа да ынталандырулар бар ғой. Қоғамның игілігі үшін жұмыс істеу қажет».

Сингапур Ұлттық университеті Ли Куан Ю атындағы  Мемлекеттік саясат мектебі 2019 жылдың 2 маусымында ЖМСМ аяқтау кеші демеушілерінің бірі болды. Деканның орынбасары және LKYSPP біліктілікті арттыру бағдарламасының директоры Франческо Манчини студенттерді құттықтап, түлектердің бәріне сингапур компонентін оқығаны  туралы сертификаттарды табыс етті.

MPA студенттері Әлия Әбілқайырова және Жанар Исмаилова «Қазақстанда дағдарысты  коммуникацияларда  үкімет пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қарым-қатынас» деп аталатын жұмыстары үшін марапатқа ие болды.

MPP студенттері Марта Төлебаева мен Дильбар Холматованың  «Қазақстандағы аналар үйі» жобасын бағалау үшін көп критерийлі құрылым әзірлеу және пайдалану» тақырыбындағы  еңбегі үшін MPP марапатына ие болды.

Назарбаев Университетінің түлектері қоғамдық бірлестігі мен ЖМСМ  МРА-2017 түлегі Ілияс Жүкеновке және   MPA-2018 түлегі Әсия Кәрібайға олардың ЖМСМ жұмысына қосқан үлестері үшін «ЖМСМ-нің көрнекті түлектері» наградасын табыс етті.  

Декан Венг Тат Хуэй студенттерді құттықтап «Әлемге кеңінен қараңыздар; алдын ала жоспарлаңыздар, айқын көрініс болуы керек; өткен жетістіктерге үміт артпаңыздар, ал егер қиындықтарға тап болсаңыздар, олар сіздерге бұрынғыдан да мықты әрі жоғары болуға көмектесетінін біліңіз. Көшбасшылар қиындықтардан қаймықпайды; олар одан ләззат алады және пайдасына жаратады»,  – деді.