ЖМСМ «Тұрақты даму және қалалық жоспарлау» бағдарламасын өткізді

333558

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі 2017 жылғы 7-8 желтоқсанда Инвестициялар және даму министрлігінің, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, Астана қаласының Ғылыми-консультациялық орталығы мен Ғылыми-зерттеу институтының өкілдері үшін «Тұрақты даму және қалалық жоспарлау» тақырыбында біліктілікті арттыру бағдарламасын өткізді.

Қатысушылар тиімді саясатты әзірлеу кезінде қолданылатын жаһандық үрдістер мен халықаралық тәжірибе туралы мәлімет алды және Азияның дамып келе жатқан елдерінде заманауи урбанизация мәселелерін талқылады.
Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің қызметкері Гүлнар Жүсіпова қатысушылардың оқу барысында жаңа ақпарат алғандарын, ал Астанадағы нақты жағдаяттарды талқылау оларға өз жұмысын дұрыс жоспарлауға көмектесіп, тиісті мақсаттар қоюға мүмкіндік бергенін атап өтті.