ЖМСМ профессорлары өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі мәселелері бойынша семинарға қатысты

333558

ЖМСМ профессоры Колин Нокс пен профессор Салтанат Джаненова 2018 жылғы 19 наурыздағы семинарға қатысты. Семинар барысында спикерлер еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар өңірдегі елдердегі өзекті тақырып екенін атап өтті.

А. Байменов өзінің кіріспе сөзінде пилоттау кезеңінде жүйенің әділ, ашық, ынталандырушы болуы үшін қоғам мен мемлекеттік қызметтің мүдделері тұрғысынан тәуекелдер мен мәселелерді анықтау өте маңызды екенін атап өтті. Семинарға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру саласындағы Қазақстанның, Грузия және Молдованың тәжірибесімен танысып, сын-қатерлер мен одан арғы перспективаларды талқылады.