ЖМСМ-нің Байқоңыр ғарыш айлағына сапары

333558

2018 жылы 6 маусымда Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің студенттері: Ильяс Хангожин, Бахыт Жекей, Айдос Колдасов және профессор Майкл Ващак Халықаралық ғарыш станциясында «Союз-МС-09» миссиясының ұшырылуын көру үшін Байқоңыр ғарыш айлағында сапарда болды. Ұшырылым Юрий Гагарин ғарышқа сапар шеккен старт алаңынан жүргізілді.

ЖМСМ студенттері мемлекеттік басқару магистратурасының бағдарламасы бойынша білім беру құрамдауыштарының бірі ретінде зерттеу жобасын әзірлеуі тиіс. Байқоңырда студенттер объектінің ағымдағы жай-күйі және Қазақстанның аэроғарыш өнеркәсібіндегі әлеуетті болашақ рөлі туралы көбірек білу үшін РОСКОСМОС басшылығымен, ұшу инженерлерімен, ғарыш айлағы персоналымен, келушілермен және жергілікті тұрғындармен сұхбат жүргізді.
Студенттер өздерінің «Қазақстанның аэроғарыш секторындағы салыстырмалы артықшылығы» деп аталатын жобасының Қазақстанның экономикалық дамуы мен ғарыш саласындағы болашағын жақсартуға ұмтылған мемлекет қайраткерлері үшін көмегі тиеді деп үміттенеді.