ЖМСМ МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ. ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУДЫҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ – 2021 ЖЫЛҒЫ 15 МАМЫР

ЖМСМ мемлекеттік саясат (MPP) және мемлекеттік басқару (MPA) бағдарламаларын ұсынады.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 2021 жылғы 15 мамыр: admissions.nu.edu.kz

Көбірек білу: www.gspp.nu.edu.kz

Байланыс: gspp_admissions@nu.edu.kz

Instagram: @nugspp; Facebook: nugspp

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі туралы:

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) миссиясы адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқытып үйрету болып табылады. Осы мақсатқа жету үш біз саясат пен көшбасшылықтың негізгі мәселелеріне баса назар аудара отырып, оқытудың, зерттеулер жүргізу мен басшы кадрлардың біліктілігін арттырудың жоғары деңгейін ұсынамыз.

2012 жылы ЖМСМ ашылған сәттен бастап Сингапур Ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап отыр. Біз бірлесіп ЖМСМ -нің Орталық Азиядағы таңдаулы мемлекеттік саясат мектебі ретінде орнығуы үшін жұмыс істеп келеміз. ЖМСМ білім беруде Орталық Азиядағы инновациялық және озық магистратура бағдарламаларын ұсыну үшін ғылыми зерттеулерді қамтиды.

ЖМСМ мемлекеттік саясат (MPP), мемлекеттік басқару (MPA), мемлекеттік саясат саласындағы докторантура (PhD) және кәсіби білім беру бағдарламаларын ұсынады.

ЖМСМ-нің магистратура бағдарламаларын Мемлекеттік басқару бойынша аккредиттеудің  Еуропалық қауымдастығы (EAPAA) аккредиттеген.

Мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жеке бизнестің мамандары қатарынан шыққан біздің студенттердің магистратура бағдарламалары бойынша 2-3 апта және докторантура бағдарламалары бойынша 3 айға дейін Сингапурда білім алу мүмкіндігі бар.

ЖМСМ мемлекеттік қызметті реформалау, мемлекеттік қызметті жаңғырту, табиғи ресурстарды басқару, мемлекеттік саясатты талдау саласындағы зерттеулерге, Қазақстанда және одан тыс жерлерде мемлекеттік саясат/басқарудың кең ауқымды мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарды ақпараттық ілгерілетуге және консультациялар беруге белсенді қатысады.

Құжаттарды қабылдау басталды. Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 2021 жылғы 15 мамыр.

ЖМСМ бағдарламалары, қабылдау кезеңдері, жаңалықтар мен жаңартулар туралы толық ақпарат біздің әлеуметтік желілерде:

Instagram: @nugspp; Facebook: nugspp

Бізбен байланысқа шығыңыз: gspp_admissions@nu.edu.kz