ЖМСМ 2020 түлектерінің бітіру кеші өтті
Қарашаның 28-де НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде көптен күткен оқиға – ЖМСМ 2020 түлектерінің бітіру кеші өтті. Салтанатты шара 31 MPA жəне 25 MPP түлектері үшін COVID-19 пандемиясына байланысты 1,5 жылға кейін шегерілген болатын.
«Сіздер COVID пандемиясына дейін оқыған лексіздер, яғни сіздер ЖМСМ-дағы бағдарламаны офлайн түрде жəне Сингапур компонентін өткердіңіздер. Келесі лектер əлі де Сингапурға баруды күтуде », – деді ЖМСМ деканы, профессор Венг Taт Хуэй өзінің құттықтау сөзінде.
Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің атқарушы білім беру жөніндегі деканның орынбасары жəне тəжірибе бойынша доценті Франческо Манчини видео құттықтауын жолдады. Назарбаев Университетінің проректоры, профессор Илесанми Адесида түлектерге: «Сингапурдағы мемлекеттік саясат мектебі Ли Куан Ю есімімен аталған, болашақта НУ ЖМСМ да біреудің есімімен аталады деп сенемін. Соның біреуі сіздердің арасында болуы мүмкін,» – деді. Құттықтау сөзінен кейін проректор Адесида əр түлекке LKY мектебінің бітіру хатын табыстады.
НУ проректор орынбасары Лоретта О’Доннелл: «Барлығыңыз тамаша Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің түлектері боласыздар. Бұл сіздерді біріктіреді. Бұдан басқа өздеріне тән нәрсе – сенімділік. Барлығыңыз да өздеріңіз қалаған мансапты құра алатындарыңызға сенімді болдыңыздар. Болашақ сіздердің қолдарыңызда! ” – деді.
Салтанатты шараның соңында вице-провост О’Доннелл үздік қорытынды магистрлік жобаларға қатысты марапаттау қағаздарын табыс етті.