ЖМСМ 2017 жылғы 28-30 маусымда Мемлекеттік саясат мәселелері бойынша 3-ші халықаралық конференцияға қатысты.
ЖМСМ Мемлекеттік саясат мәселелері бойынша 3-ші халықаралық конференцияға қатысты, ол Сингапурде мемлекеттік саясат мектебінде өтті. Конференцияға әлемнің 80 елінен 1300-ден астам өкіл қатысты, осылайша конференция әлемдегі мемлекеттік саясат саласындағы ірі халықаралық іс-шараға айналды. ЖМСМ Деканы Венг Тат Хуэй 2017 жылғы 28 маусымда құттықтау сөз сөйледі. Вэнг Тат Хуэй мырза сөзінде:«Көптеген сессиялары, пленарлық отырыстары бар осындай деңгейдегі халықаралық конференцияны ұйымдастырып, танымал зерттеушілерді тарту – бұл керемет жетістік. Мен Сингапур Ұлттық Университетінің LKY мектебін осы жетістігімен құттықтағым келеді. Біз алдағы уақытта LKY үлгісінде Орталық Азиядағы мемлекеттік саясат саласында осындай деңгейдегі халықаралық конференцияны өткізе аламыз деп сенемін», – деп атап өтті. Профессор Колин Нокс және профессор Салтанат Джаненова «Орталық Азиядағы мемлекеттік саясаттың реформалары» сессиясының аясындағы зерттеу тобының тең төрағалары болды. Қатысушылар 8 ұсынылған ғылыми жұмыстарды талқылады. Профессор Ифтихар Лодхи «Саяси режим: саяси үдерістің жетілдірілген теориясы» атты сессия шеңберінде зерттеу тобына жетекшілік етті. Қатысушылар Қазақстан, Вьетнам, Оңтүстік Африка, Австралия, Израиль, Корея, Үндістан және Тайвань елдерін қоса алғанда, 8 елден келді, олар өз жұмыстарын талқыға салды.