Студенттер барлық сабақтарға қатысады деп күтілуде. Бірінші күннен бастап сабаққа қатыспайтын студенттер жазалануы және әкімшілік түрде сыныптан шығарылуы мүмкін.
Сабаққа негізсіз қатыспау әрбір негізсіз қатыспаған апта үшін қорытынды бағаның 5%-ын шегерумен жазаланатын болады.
Сабаққа негізсіз қатыспау
Сабаққа негізсіз қатыспау – студенттердің Мектепте қабылданбаған себептер бойынша сабаққа қатыспауы. Тиісті құжаттамасыз/негіздемесіз сабақтарға кешігу немесе сабақтан ерте кету сабақта негізсіз болмау ретінде есептеледі. Себепсіз болмаудың кейбір себептері:
– автобусқа кешігіп қалу;
– жұмыс істеу;
– іссапарға бару.
Себепті қатыспау
Егер күтпеген жағдайлар сабаққа келуге кедергі келтірсе, студент бұл туралы модуль/курс оқытушысын және оқытушы ассистентін, егер бар болса, алдын ала хабардар етуі тиіс.
Себепті қатыспаудың бір мысалы:
1) Студенттің ауруы немесе жарақаты.
Егер студент Университеттік медициналық орталық (UHC) растаған медициналық анықтаманы ұсынса, онда оның болмауы себепті деп есептеледі.
Сабақты босатқаны үшін құжаттарды берудің шекті мерзімі (медициналық анықтамаларды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) студенттің келуіне кедергі келтіретін жағдай аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Университеттің медициналық орталығынан басқа клиника берген медициналық анықтамаларды UHC тексеруі тиіс.
Студент ауырған жағдайдан басқа жағдайларда, курс оқытушысы студент ұсынған құжаттарды қарағаннан кейін себепті деп тану туралы шешімді өзі ғана қабылдайды.