Болашақ саяси көшбасшыларына қолдау көрсету мүмкіндігі

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) Сіздерді Мемлекеттік саясат магистрі (MPP) және Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) бағдарламаларының студентеріне арналған тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.

Сіз және Сіздің ұйымыңыз студенттерге олардың оқуы мен дамуы үшін шешуші маңызы бар нақты тәжірибе жинау мүмкіндігін ұсына аласыз.

MPР және MPA бағдарламаларының студенттері бүгінгі таңда Қазақстанға және бар жаhанға қатысты саясат мәселелері бойынша негізгі теориялық білім алуда. Студенттерге практикалық тәжірибе беру үшін, Сіз студенттерге білім мен оны қолдану арасында байланыс орнатуға көмектесесіз. Бұл өз кезегінде болашақ мамандардың мемлекеттік басқару саласында тиімді еңбек етуі үшін өте маңызды.

 

Тағылымдамадан өтушілер қандай тиімді үлес қоса алады?

MPP – бұл екі жылдық, ал MPA – 17 айлық бағдарлама. Екі бағдарлама да студенттерге қоғамдық көшбасшы болу үшін қажетті білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі. Қазір бізде 60-тан астам магистрант бар. Бірінші курстың негізгі оқу бағдарламасын мұқият зерделегеннен кейін студенттер Сіздің ұйымыңызға келесі жолдармен өз үлесін қоса алады:

  • саясатты қалыптастыру және әзірлеу
  • сандық және сапалық зерттеулер жүргізу
  • стратегияларды іске асыру
  • коммуникация және тиімділікті басқару
  • бағдарламаны әзірлеу және бағалау
  • статистикалық және экономикалық талдау
  • пайда мен шығындарды талдау

 

Тағылымдаманың мақсаттары мен міндеттері

NU GSPP тағылымдамаларының мақсаты тағылымдамадан өтушілерді таныстыру және оларға мемлекеттік басқару мен мемлекеттік саясатқа байланысты қызмет түрлері мен мәселелердің кең спектрінде практикалық тәжірибе беру болып табылады. Тағылымдамадан өтушінің жұмысы келесіні қамтиды:

  • Ішкі жұмысты, есеп беруді және құрылымды, заңнаманы және саяси жүйемен өзара іс-қимылды қоса алғанда, ұйымның сипаты туралы бірінші кезекте білуге мүмкіндік алу;
  • Бюджетті әзірлеу үдерістерімен танысу немесе тікелей қатысу: стратегиялық жоспарлау және есеп беру; саясат пен бағдарламаларды әзірлеу және осы дамуды саясатты іске асыру, бақылау және бағалау кезеңдеріне ауыстыру;
  • Ұйымның күнделікті үдерістері мен оны басқару туралы білу мүмкіндігі; және қызметтік жазбалар мен ақпараттық жазбаларды дайындау, шешім элементтерін дайындау және зерттеу жүргізу мүмкіндігі.

 

Тағылымдамаданы қолдаудың артықшылықтары

Жоғары бәсекеге қабілетті кандидаттарды іріктеу мүмкіндігі.

Қазақстандағы және Орталық Азия өңіріндегі ең үздік мемлекеттік саясат мектептерінің бірінде оқитын білікті студенттерін жұмысқа аласыз.

 

Болашақ саяси көшбасшылардың жаңа және пайымды көзқарасы.

Біздің студенттеріміз жұмыс берушілерге келесі артықшылықтарды ұсынады:

  • Жобаларға және шешім қабылдау процесіне жаңа және пайымды көзқарас;
  • Мемлекеттік саясат саласындағы жаңа әзірлемелер мен ресурстарға қолжетімділік;
  • Болашақ жұмыскерлерге қолжетімділік.

 

Озық зерттеулер мен кең ресурстар мен білімге қол жеткізу.

Бұл бағдарламаға қатысу Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен және біздің профессорлармен өзара тиімді және ұзақ мерзімді қарым-қатынастың жақсы бастамасы болуы мүмкін.

 

Тағылымдамадан өтушілерді қабылдау

2022 жылға арналған тағылымдама кестесі бағдарлама жөніндегі ақпарат                             

ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУШІГЕ СҰРАУ САЛУ

Егер сіз әріптес тағылымдамадан өтушіні қабылдауға қызығушылық танытсаңыз, NU GSPP тағылымдама бағдарламасының координаторымен электронды пошта арқылы gspp_internship@nu.edu.kz немесе +77172 70 64 62 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұрймыз..

СҰХБАТ ЖҮРГІЗУ

Тағылымдамаға үміткер студенттермен сұхбат өткізу үшін NU GSPP ғимаратындағы кабинеттерді немесе Zoom платформасын пайдалану мүмкіндігін ұсынамыз. .

ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

  • 4,5 – 6 апта уақыт аралығында (180-240 жұмыс сағаты);
  • ең ерте басталу күні – 2022 жылғы 23 мамыр және барлық тағылымдамалар 2022 жылғы 15 шілдеге дейін аяқталуы тиіс;
  • тағылымдамалар кеңседе немесе қашықтықтан өтуі мүмкін;
  • тағылымдамалар ақылы, сондай-ақ тегін болуы мүмкін.

 

БІЗБЕН ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Тел.:+77172 70 64 62