Сингапур жолын оқып үйрену
«Мемлекеттік саясат» мамандығының студент магистранттары 23-28 қараша аралығында Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю жариялық саясат мектебінде білім алу курстарынан өту үшін Сингапурға барды. Бағдарлама бір аптаға созылды. Онда сыныптағы интерактивті сабақтар, тақырыптық зерттеулер және оқу аралауы болды.
Аталған шараның ерекше қонақтары мен дәріс оқушылары болып мыналар келді:
– Елші Лам Чуан Леонг , бұрынғы тұрақты хатшы және ғылым және техника мәселелері жөніндегі Ұлттық комитеттің, ақпарат коммуникациялық технологияларды дамытудың Сингапур басқармасы, Сингапурдағы бәсекелестік комиссиясы сияқты Ұлттық комитеттердің төрағасы;
– Давид Ма, тәуелсіз кеңесші және премьер-министр канцеляриясының бұрынғы директоры
Жеделдетілген апталық модуль Сингапурдың мемлекеттік саясатының әр қырларын білуге бағытталды.
Студенттер ақпаратты бірінші қолдан алды. Олар Сингапурдағы мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау мәселелері мен Сингапурдың экономикалық өсімінің табыстылығының басты факторлары туралы білігін кеңейтті.
Модульдің ерекшелігі оқып үйренушілердің билеуші саясат жасалатын және жүзеге асырылатын ұйымдарға баруында.
Қаланың даму, жер үстіндегі тасымал құралдары агенттіктеріне және тұрғын үй құрылысын дамыту Кеңесіне бару студенттерге сингапур үкіметінің қаланы жаңғыртудың стратегиялық әдіс-әрекетін көруге мүмкіндік туғызды. Сонымен бірге қаланы өмір сүруге қолайлы, экологиялық таза етіп әрі жоғары сапалы инфрақұрылымдарды қалай қолдау керек екені көрсетілді.