Қазақстандағы Тұрақты даму шешімдері желісінің ресми іске қосылуын

2022 жыл 8 маусымда Қазақстандағы Тұрақты даму шешімдері желісінің ресми іске қосылды. SDSN Қазақстан 2022 жылдың қаңтарында жаһандық SDSN қоластында Назарбаев Университеті негізінде құрылған Ұлттық желі ретінде бекітілді.

SDSN арқылы Назарбаев Университетінің басты мақсаты (1) Қазақстанда ұзақ мерзімді тұрақты жолдарды дамыту үшін практикалық шешімдерді алға жылжыту; (2) Қазақстандағы SDGs бойынша жоғары сапалы білім беру және зерттеу саласындағы ынтымақтастықты қолдау; (3) Қазақстандағы тұрақты даму міндеттерін жақсырақ шешу үшін қолданбалы зерттеулер мен саяси бастамаларды ұсыну.

БҰҰ Тұрақты даму шешімдерінің желісі (SDSN) – 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты даму мақсаттарын (SDG) алға жылжыту үшін құрылған коммерциялық емес ұйым. 2022 жылға орай SDSN 137 елдегі 47 желінің 1600-ден астам мүшесі болды, соның ішінде Назарбаев Университетіндегі SDSN Қазақстан да мүшелікке кірді.

 

ӨТКІЗУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

Күні: 8 маусым 2022 жыл
Уақыты: 10:30 (GMT+6)
Өтетін орны: Назарбаев Университеті, С3 блогы, Red Hall залы (1022)
Форматы: гибридті (онлайн және офлайн түрде)

 

Іс-шара бағдарламасы.

Іс-шара суреттері.

Іс-шараның толық бейнесін біздің YouTube арнамыздан көре аласыздар: