“Қазақстандағы саяси коммуникация бойынша оқу құралы” кітабының тұсаукесері, 12 Қараша, 17:00

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі сіздерді «Қазақстандағы саяси коммуникация бойынша оқу құралы» кітабының тұсаукесеріне шақырады.

Бұл кітап коммуникацияны мемлекеттік саясатты сәтті жүзеге асырудың негізі ретінде қарастырады. Кітап Қазақстаннан және халықаралық мысалдардан алынған  әртүрлі кейстер көрсетілген нұсқаулық түрінде жазылған. Кітапта медиа ақпаратты басқару, мемлекеттік саясат маркетингтің күрделілігі, сәтті науқандарды жоспарлау, «жұмсақ күшті» басқару тақырыптарының кең ауқымы қозғалады және дағдарыс жағдайларын басқаруға қатысты және акционерлермен байланыс бойынша кеңестер ұсынады. Бұл мемлекеттік қызметкерлерге, бизнес секторының өкілдеріне, Қазақстанмен және Орталық Азиямен ынтымақтастықта жұмыс істейтін үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарға арналған қажетті кітап.

Бұл кітап қазақ және орыс тілдерінде қол жетімді.

Кітап туралы толық ақпарат: https://www.palgrave.com/gp/book/9789811506093
Қашан: 12 қараша 17:00
Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы, 53, С3 блогы, 1 қабат, 1022 
Сілтеме бойынша тіркеліңіз немесе Жанар Исмаиловаға (zhanar.ismailova@nu.edu.kz) хабарласыңыз.

Біз сіздерді күтеміз!

 

Профессор Басскаран Наирдың қысқаша өмірбаяны

Профессор Баскаран Наир Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебіннен арнайы шақыртылған Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры. Ол «Қазақстандағы саяси коммуникация бойынша оқу құралы» (2019), «Мемлекеттік саясаттың маркетингі: күрделілік, ауырсыну және миналанған алаң» (2017) және «Сингапурдағы қоғаммен байланыс бойынша оқу құралы» (1986) сияқты бірнеше кітаптардың авторы. «Сингапурдағы қоғаммен байланыс жөніндегі оқулық» Сингапурде қоғаммен байланыс жөніндегі мамандарды даярлауға арналған оқулық ретінде қолданылған. 90-шы жылдардың аяғында ол және әлеуметтік медиа тақырыбында «Негізгі көшеден бастап кибер көшесіне дейін: коммуникациялар тәжірибесіндегі өзгерістер» деген атаумен бірқатар кітаптар жазды. Профессор Баскаран бұған дейін Сингапурдың  Қоғаммен байланыс институтының президенті болған. Еңбек жолының басында ол журналист болып жұмыс істеді, содан кейін 40 жылдан астам уақыт бойы қоғаммен байланыс, акционерлік коммуникациялар, әлеуметтік және корпоративті маркетинг коммуникациялары бойынша науқандар мен бағдарламаларды басқарды, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңестің жұмысына қатысты.

 

Абстракт

Қазақстанның саяси құжаттары, стратегиялары және бағдарламалары жақсы, ізгі ниетпен әзірленген, бірақ олар іске асырылу кезеңі мен атқарушылық деңгейде жиі сәтсіздікке ұшырайды. Бірізділіктің болмауы көптеген елдерде кең таралған кемшілік болып табылады. Бағдарламаны іске асырудағы кедергілердің қатарына қысқа мерзімді нәтижелерге ұмтылу, көптеген бастамаларды бір мезгілде орындау және саясатты іске асыру процесін үйлестіре алмау жатқызылуы мүмкін. Тиімсіз мемлекеттік бағдарламалар мен саясат қоғамдық қолдаудың төмендеуіне, тіпті, саяси шешімдердің іске асырылуын жоққа шығаратын арсыздыққа әкеп соқтырады. – «Қазақстандағы саяси коммуникация бойынша оқу құралы» – коммуникацияны мемлекеттік саясатты табысты іске асыру мақсатында өкіметтің негізгі дағдылары ретінде талқылау үшін уақытылы жарияланды. Бұл халықаралық мысалдар мен кейстерді қолдана отырып, практикалық құрал ретінде мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен бизнес құрылымдар өкілдеріне арналған өзекті кітап.

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің зерттеушілер тобы жазған «Қазақстандағы саяси коммуникация жөніндегі оқу құралы» тек академиялық кітап қана емес, өз оқырмандарын “түбіндегі тастарды сезе отырып, саясатты атқару өзенін жүзіп өтуді” үйрететін еңбек болып табылады. Оқу құралы әлеуметтік желілер мен негізгі бұқаралық ақпарат құралдарын басқару; табысты науқандарды өткізу сияқты тақырыптарды қамтиды. Дағдарыстық жағдайды шешу үшін қандай қадамдар жасау керектігі; Қазақстанның “жұмсақ күшінде” елдің мәдени, қоғамдық, геосаяси маңызын қалай көрсету; және ел қор нарығындағы өз қызметін арттыра түсу кезінде акционерлермен тиімді өзара іс-қимыл жасау туралы мәселелер талқыланады.